Меню

Страницы

Статья

«Зерде» жобасы аясында жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытатын жас мамандарға ашық есік күні өтті

2026 жылдың 22 сәуір күні облыстық оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерді оқытатын жас мамандардың құндылыққа негізделген білім мазмұнын жетілдіру бойынша әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімді жолдарын анықтау және жас мамандарға кәсіби бағыт-бағдар беру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының базасында «Құндылыққа негізделген білім мазмұны: жетістікке жету жолдары» тақырыбында ашық есік күні өтті.
Іс-шара барысында облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыз балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатының озық тәжірибелі педагогтері құндылықтарды оқу үрдісіне тиімді енгізу мен оқушының бойында тұлғалық қасиетін қалыптастырудағы рөлі, күрделі тақырыптарды тиімді меңгертудің, цифрлық технологияларды қолданудың, пәнаралық байланысты жүзеге асырудың және оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың заманауи әдіс-тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі, жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың жаратылыстану, математикалық сауаттылығын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер, сабақты жүйелі жоспарлау бойынша іс-тәжірибесімен бөлісіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетті.
Аталған іс-шараға аудандар мен Тараз қалалық білім бөлімдерінің математика, физика, география, химия, биология, информатика пәнінің мұғалімдері, барлығы 50 педагог қатысты.
Дата публикации
27 апреля 2026
Дата обновления
27 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Таразда түлектері жетекші университеттерде білім алып жатқан IT лицей-интернатының инфрақұрылымы кеңейтілуде
Ақпарат
12 октября 2026
️Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді
02 октября 2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ІЗДЕНІС.ТӘЖІРИБЕ.НӘТИЖЕ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы