2026 жылдың 22-26 сәуір күндері аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында өткен робототехникадан «Fibonacci Internаtional Robot Olympiad» жарысының Халықаралық кезеңіне Жамбыл облысынан қатысқан Тараз қалалық білім бөлімінің №7 мектеп-гимназиясының оқушылары жеңімпаз атанды!

“1kg Lego Sumo” категориясы бойынша:
- Коголь Иван 10 сынып оқушысы жоғары санаты бойынша жүлделі ІІ

орын;
- Коголь Георгий 6 сынып оқушысы ортаңғы санаты бойынша жүлделі ІІІ

орын;

“Lego Line Following” категориясы бойынша:
- Коголь Иван 10 сынып оқушысы жоғары санаты бойынша жүлделі ІІ орын;

”Line Following” категориясы бойынша жүлделі IV орынға ие болғандар:
- Коголь Иван 10 сынып оқушысы;
- Борисюк Эмиль 9 сынып оқушысы;
- Коголь Георгий 6 сынып оқушысы.
Жетекшілері: №7 мектеп-гимназиясының информатика пәнінің мұғалімдері Райкулова Гульмира Дуйсенбековна және Айтенова Тамара Алдабергеновна!
Жеңіске қол жеткізген оқушыларымызды құттықтап, дайындаған жетекшілерге Алғысымызды білдіреміз!