«Қылмыссыз ортаны құру -қоғам міндеті» тақырыбында оқушылар мен колледж студенттері арасында жалпы облыстық диктант жазу сағаты өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысы прокуратурасымен бекітілген Жамбыл облысында 2026 жылға арналған «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөніндегі өңірлік жобалық офистің іс-шаралар жспарының 26-тармағына сәйкес облыстың барлық білім беру ұйымдарында 2026 жылдың 22 сәуірінде «Қылмыссыз ортаны құру-қоғам міндеті» тақырыбында оқушылар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жалпы облыстық диктант жазу сағаты өтті.
Құқықтық сауаттылықты арттыру және заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында өткен іс-шараға оқушылармен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері белсене қатысты.
Оқушылары мен студенттер диктантты жаза отырып, «Заң мен тәртіп» қағидасын бойына сіңіріп, өз ортасындағы тәртіпке жауапты екенін түсінді. Диктант мәтінінде жаңа Конституция және Баланың құқықтары туралы ақпарат, құқықтық нормаларды сақтаудың, адалдық, әділдік және өзара құрмет қағидаттарының маңыздылығы туралы мәліметтер қамтылды.
Диктант қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің сауаттылық деңгейін тексеріп қана қоймай, құқықтық тәртіптің тұрақты әрі өркендеген қоғамның негізі екенін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Жалпы облыстық диктантқа 100000-ға жуық оқушы, 14000-ға жуық студент қамтылды.