Меню

Страницы

Статья

Инклюзивті білім беру

2023-2024 оқу жылында 8200 мүмкіндігі шектеулі бала анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 278 балаға артқан (2022-2023 оқу жылы – 7922 тіркеліп, оқумен және тәрбиемен қамтылғаны - 6507-і (82,1%)); Биылғы оқу жылында 8200 мүмкіндігі шектеулі баланың 6670-і (81,3%)оқумен және тәрбиемен қамтылып отыр.

Облыста осы бағытта 25 арнайы мекемелер мен кабинеттері жұмыс жасайды.

Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелері:

- мектептер саны - 401(90%) (2022-2023 о.ж. – 89%);

-  балабақшалар саны – 184 (82,1%) (2022-2023 о.ж. – 80%).

2023 жылы Тараз қаласындағы №14 орта мектептің базасынан №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шу ауданында 2 ресурстық орталық ашылып, материалдық-техникалық базалары жабдықталды. Үстіміздегі оқу жылында Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептен инклюзияны қолдау кабинеті, Меркі ауданындағы А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясы базасынан ресурстық орталық ашу жоспарланып отыр.

Облыстағы 4 арнайы мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында  «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен (жалпы құны - 90,8 млн.теңге) қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде, бүгінгі күнге барлық 4 арнайы мектеп-интернаттары қажетті интерактивті панелмен, оқу кабинеттерімен (қазақ тілі мен әдебиеті, физика, математика,информатика, тұрмыстық бағдарлау кабинеттері) және тігін, ағаш шеберханаларына қажетті станоктар,  арнайы құрал-жабдықтар алынып берілді.

Дата публикации
01 апреля 2024
Дата обновления
01 апреля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
15 октября 2026
Таразда түлектері жетекші университеттерде білім алып жатқан IT лицей-интернатының инфрақұрылымы кеңейтілуде
Ақпарат
12 октября 2026
️Қазақстан FIRST Global Challenge 2026 чемпионатында әлемнің үздік төрттігіне енді
02 октября 2026
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ МЕН ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЛЕСЕ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ІЗДЕНІС.ТӘЖІРИБЕ.НӘТИЖЕ» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы