Мекеменің атауы:Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Орналасқан жері: Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле Би даңғылы көшесі, 35
Басшының лауазымдық міндеттері:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес психологиялық қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады
- штаттық кестені айқындайды және бекітеді;
- даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, ОПҚО дамыту бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады, басқарудың қазіргі заманғы әдістері негізінде ОПҚО жұмысын болжайды және жоспарлайды;
- бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;
- ОПҚО мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен билік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;
- оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді;
- кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;
- қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды;
- аудандық психологиялық қолдау кабинеттерінің қызметін үйлестіруді ұйымдастырады;
- ОПҚО ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестерінің, педагог-психологтар қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;
- өңірдегі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің құрамына кіретін барлық мамандардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, супервизиялар жүргізеді;
- өңірдің білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысында мониторинг пен талдауды ұйымдастырады;
- білім беру процесінің қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырады, күрделі жағдайларды қарау бойынша өңірлік консилиумдардың жұмысына басшылық жасайды;
- білім беру процесіне қатысушыларды сұранымдар бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырады;
- білім беру ұйымдарында шұғыл (дағдарыстық) жағдайлар туындаған кезде психологиялық көмек көрсету мақсатында жедел әрекет етуді ұйымдастырады;
- білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады;
- өңірдің білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің озық тәжірибесін жинақтауды және насихаттауды ұйымдастырады;
- өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды, атқарылған жұмыстардың есебін жүргізеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
- әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық принциптерін сақтауға ықпал етеді;
- компьютерлік сауаттылыққа ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдаланады;
- оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
- қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;
- ұйымның мүдделерін барлық органдарда білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.
- Республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- ОПҚО-ның ішкі ережесіне бағынады, лауазымдық міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды.
Білуге тиіс:
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім («Психология» немесе «Психология және педагогика»);
- психологиялық-педагогикалық жұмыс және (немесе) педагогикалық жұмыс және практикалық психология саласындағы жұмыс өтілі кемінде 7 жыл;
- және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.
Лауазымдық жалақы мөлшері:еңбек өтіліне байланысты 288000 тенгеден бастап.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQRESMITEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) түйіндеме;
12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.
Осы тармақтың 4), 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну көрсетілетін қызметті берушіде оларды тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде талап етілмейді. Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде 12.03.2026жыл--20.03.2026 жыл. Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, №407 каб, тел.:43-88-20, aryn.m@yandex.kz құжаттарды ұсынуы тиіс.
Конкурстың өткізілетін күні мен орны: 31.03.2026 жыл, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы.