БЖЗҚ қызметтері: жеңіл және ұтқыр БЖЗҚ зейнетақы жүйесіне қатысты түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп келсе де, сауалдар азаяр емес. Жарналардың қандай түрлері бар? Жұмыс беруші оларды қалай, ең бастысы, қаншалықты аударып жатыр? Зейнетақы қалай тағайындалады? Тізе берсек шегі жоқ. Ірі қалалар мен облыс орталықтарының тұрғындары бұл сұрақтардың жауабын БЖЗҚ кеңсесіне барып, кәсіби мамандармен тікелей жүздесе отырып ала алады. Ал шалғай ауыл-аймақтардағы отандастырымыздың сұранысын қалай қанағаттандыруға болады? Олқылықтың орнын толтыру мақсатында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жылжымалы “Мобильді кеңсені” іске қосты.

Дата публикации
11 августа 2025