Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 13418 болып тіркелген) «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларына» сәйкес (бұдан әрі – Қағида) Жамбыл облысының әкімдігі жергілікті қаражат есебінен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыту конкурсына қатысу үшін ЖЖОКБҰ арасында конкурс жариялайды.
Конкурс ұйымдастырушысы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім
басқармасы».
Құжаттарды жолдау мерзімі: 28 шілде- 1 тамыз, 2025 жыл
Конкурс өтетін уақыты: 4-5 тамыз, 2025 жыл
Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжаттар:
1) Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес конкурстық өтінім;
2) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес ЖЖОКБҰ-ның сауалнамасы;
3) Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.
Құжаттар жолданатын мекен-жай:
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35, 303-кабинет. Байланыс телефоны: 8(7262) 438814
Электронды почта: bilim-jambyl@yandex.kz