Областной конкурс среди педагогов «Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы»

«Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасында өтетін облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша

ЕРЕЖЕ

 

І. Жалпы ережелер

 

  1. Конкурс Ережесі білім беру ұйымын басқаруға дайын кәсіби көшбасшыларды іріктеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.

Конкурс жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер арасында өткізіледі.

1) Конкурстың мақсаты - өңірдің жалпы орта білім беру  саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтерді анықтау, өңірлік  кадр пулын қалыптастыру.

          2) Конкурстың міндеттері:

          жалпы орта білім беру ұйымдарын басқару саласындағы инновациялық тәжірибені анықтау және тарату, тәжірибемен алмасу үшін жағдай жасау;

          айқын көшбасшылық қасиеттері бар педагогтерді анықтау;

          білім беру саласындағы басқарушылық қызметтің оң имиджін қалыптастыру;

          өңір педагогтерінің шығармашылық және басқарушылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.

  1. Конкурс облыстық деңгейде өткізіледі.
  2. Конкурсты облыстық деңгейде өткізуге дайындау және ұйымдастыру жұмыстары, сондай-ақ оның қорытындыларын шығару осы Ереженің (бұдан әрі - Ереже), Конкурсты өткізу іс-шаралар жоспарына, оның жеңімпаздарын марапаттау мен жеңімпаздарды бағалау критерийлеріне және өзге де конкурстық комиссия бекітетін құжаттарға сәйкес іске асырылады.

 

 

 

ІІ. Конкурсты облыстық деңгейде ұйымдастыру және өткізу

 

  1. Қатысушыларды бағалау үшін Конкурстың облыстық конкурстық комиссиясы (бұдан әрі – облыстық комиссия) қалыптастырылады, оның құрамы хаттамалық негізде бекітіледі.

Облыстық комиссия әкімдік жанында құрылады және 7 адамнан және хатшыдан тұрады.

Облыстық комиссия мемлекеттік органдардың, мәслихат, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан, білім саласындағы еңбек ардагерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Сондай-ақ білім саласындағы озық тәжірибелі  сарапшылар тартылады. Облыстық комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы анықталады.

Облыстық комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық  комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

Облыстық комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің жартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.

Әрбір үміткер бойынша шешім облыстық комиссия мүшелерінің бағалау парағына (осы Ереженің № 6 қосымшасына сәйкес) қойған балдарын есептеу және конкурсқа қатысушының рейтингісін құрастыру арқылы қабылданады (тартылған сарапшылардың пікірі ескеріледі).

Отырыс қорытындысы облыстық комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Ереженің № 7 қосымшасына сәйкес) ресімделеді.

Облыстық комиссияның жұмыс органы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыс орган) болып табылады.

Жұмыс органы облыстық комиссияның қызметін ұйымдастыруды, сүйемелдеуді жүзеге асырады.

  1. Облыстық комиссия хатшысы комиссияның қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, атап айтқанда:

1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;

2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;

3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;

4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.

 

 

 

IІІ. Конкурстың қатысушылары

 

  1. Конкурсқа негізгі жұмыс орны білім беру мекемесі болып табылатын педагогтер, әдіскерлер, мектеп директорының орынбасарлары қатыса алады. Қатысушылардың білім беру саласындағы еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы керек (конкурсқа бір жыл ішінде педагогикалық әдеп қағидалары талаптарын бұзған педагогтер қатыса алмайды).

 

ІV. Конкурсты дайындау тәртібі

 

  1. Конкурс облыс әкімдігінің, облыс әкімдігінің білім басқармасының, қала, аудан әкімдіктерінің интернет-ресурстарында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі парақшаларында оны өткізу туралы хабарландыруды орналастырудан басталады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.

  1. Хабарландыру 2024 жылғы 5 ақпаннан кешіктірілмей орналастырылады.

Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап қатысушы педагогтер (бұдан әрі - Үміткер) Облыстық комиссияның жұмыс органына келесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:

осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқауға қатысуға өтініш;

осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқауға қатысушының сауалнамасы;

конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

тиісті білім және біліктілік деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

еңбек кітапшасының көшірмесі;

Қатысушы көрсетілген құжаттарға қосымша соңғы бес жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері, өзінің қатысуымен жүзеге асырылған білім беру және басқару жобалары бойынша ақпараттарды, сондай-ақ жұмыс орнынан мінездеме ұсына алады.

Сонымен қатар, кәсіби, әлеуметтік-педагогикалық және тұлғааралық сипаттағы мәселелерді шешуге дайындық, іскерлік қасиеттер және ұйымдастырушылық, өзін-өзі тәрбиелеуге және дамытуға дайындық, коммуникативтілік, ұжымды ынталандыру, команданы жұмылдыру, прогрессивті идеяларды жүзеге асыру құзыреттеріне назар аудару қажет.

  1. Конкурсқа қатысу туралы ұсынымдар 2024 жылғы 26 ақпанға дейін қабылданады.

 

  1. Конкурсты өткізу тәртібі

 

          Конкурс ІV кезеңде өткізіледі.

  1. І кезең: «Әлеуетті көшбасшының табыс формуласы» тақырыбында 3 минуттық презентация (қатысушының өз қалауы бойынша бейнеролик түрінде де көрсетуге рұқсат етіледі). Презентациядағы слайд мазмұнында тақырыптың негізгі бағыты, кәсіби тәжірибенің ең басты мәні көрсетілуі керек .

 

  1. ІІ кезең: «Не? Қайда? Қашан?» блиц-сауалнамасы (қатысушылардың құзіреттіліктері мен көшбасшылық қасиетін анықтау).

ЛЭД экранда Google формасы арқылы қатысушылардың  Заңдарды, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактиканың, педагогиканың негізгі мәселелерін білу құзіреттіліктерін анықтау үшін 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары ұсынылады.

        Бұл кезеңде  қатысушылардың дидактикалық, нормативтік-құқықтық дайындығын білу және түсіну деңгейі,  ұтқырлығы анықталады.

       Қатысушылар ұялы телефонның көмегімен QR-код арқылы кіріп,  сұрақтарға жауап береді.  Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі. Нәтижесі  экраннан бірден анықталып,  көрсетіледі.

 

  1. ІІІ кезең - Форсайт сессия

            Конкурсқа қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір тақырыптан беріледі.

            Дайындыққа берілетін уақыт - 5 минут.

            Форсайт сессиясына қатысушылар шағын топта жұмыс жасайды. Берілген мәселені бірігіп талқылайды. Қатысушылар болашақтағы қажетті модельді құрып, оны жүзеге асыру жолдарын белгілейді. Әр тақырып бойынша топ қатысушылары ойларын жеткізеді.         

 

  1. ІV кезең - «Кәсіби жетістік баспалдағы» (сұхбаттасу айдары). Бұл кезеңде қатысушылар кестеде көрсетілген  параметрлерге сәйкес алдағы үш жылдағы кәсіби және жеке даму траекториясын ұсынады. Байқауға қатысушылар сандық презентация форматын таңдап, жаңа бағыттарды қоса алады. Презентация   уақыты - 3 минут.

 

Жылдары

«Білім мен таным»

(оқылған әдеби, ғылыми, әдістемелік әдебиеттер)

Оқу-тәрбие үрдісін жақсарту бойынша үздік кейстерді ұсыну

Мектептің даму жоспарын іске асыруда педагог-лидерлерді тарту арқылы командалық (ұжымдық) жұмысты нығайту. 

 

Көшбасшының табысқа жету принциптері

                 2024 ж.

 

 

 

 

2025 ж.

 

 

 

 

2026 ж.

 

 

 

 

            

 

 

VІ. Конкурстың қорытындысын шығару

 

  1. Конкурс нәтижесі бойынша облыстық комиссия Конкурстың нәтижесі туралы шешім қабылдап, номинация иегерлерін анықтайды.
  2. Жеңімпаздар облыс әкімінің «Үздік әлеуетті көшбасшы», «Үздік стратег», «Үздік рационализатор», «Командалық жұмыстың үздік көшбасшысы», «Үздік мотиватор», «Үздік оратор», «Форсайт стратегияның шебері», «Мәселелерді шешудің шебері», «Ақпараттық-коммуникациялық технология шебері», «Дидактиканың білгірі» атты номинацияларымен, сертификатпен марапатталады.
  3. Конкурс жеңімпаздарын марапаттау уақыты мен орны туралы ақпараттандыруды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
  4. Конкурстың қорытынды кезеңін өткізуді ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
  5. Облыс әкімдігінің білім басқармасы конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін қаржы бөлу мүмкіндіктерін қарайды.
  6. Конкурсты ақпараттық сүйемелдеуді әкімдік, облыс әкімдігінің ішкі саясат, білім басқармалары қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 февраля 2024