«Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасында өтетін облыстық конкурсын ұйымдастыру және өткізу бойынша
ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
Конкурс жалпы орта білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын педагогтер арасында өткізіледі.
1) Конкурстың мақсаты - өңірдің жалпы орта білім беру саласында кәсіби құзыреттіліктері мен көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде қалыптасқан педагогтерді анықтау, өңірлік кадр пулын қалыптастыру.
2) Конкурстың міндеттері:
жалпы орта білім беру ұйымдарын басқару саласындағы инновациялық тәжірибені анықтау және тарату, тәжірибемен алмасу үшін жағдай жасау;
айқын көшбасшылық қасиеттері бар педагогтерді анықтау;
білім беру саласындағы басқарушылық қызметтің оң имиджін қалыптастыру;
өңір педагогтерінің шығармашылық және басқарушылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау.
ІІ. Конкурсты облыстық деңгейде ұйымдастыру және өткізу
Облыстық комиссия әкімдік жанында құрылады және 7 адамнан және хатшыдан тұрады.
Облыстық комиссия мемлекеттік органдардың, мәслихат, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатарынан, білім саласындағы еңбек ардагерлерінен және өзге де тұлғалардан құрылады. Сондай-ақ білім саласындағы озық тәжірибелі сарапшылар тартылады. Облыстық комиссияның төрағасы комиссия мүшелерінің ішінен дауыс беру арқылы анықталады.
Облыстық комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады. Конкурстық комиссияның шешімдерін қабылдау кезінде даулы мәселелер туындаған жағдайда, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Облыстық комиссияның отырысы комиссия құрамы мүшелерінің жартысынан артық бөлiгi қатысса, заңды деп есептеледi.
Әрбір үміткер бойынша шешім облыстық комиссия мүшелерінің бағалау парағына (осы Ереженің № 6 қосымшасына сәйкес) қойған балдарын есептеу және конкурсқа қатысушының рейтингісін құрастыру арқылы қабылданады (тартылған сарапшылардың пікірі ескеріледі).
Отырыс қорытындысы облыстық комиссия төрағасы және хатшысы қол қойған хаттамамен (осы Ереженің № 7 қосымшасына сәйкес) ресімделеді.
Облыстық комиссияның жұмыс органы «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыс орган) болып табылады.
Жұмыс органы облыстық комиссияның қызметін ұйымдастыруды, сүйемелдеуді жүзеге асырады.
1) үміткерлердің құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады;
2) комиссия отырыстарын ұйымдастырады;
3) комиссия отырысының хаттамасын ресімдейді және конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздың материалдарын қалыптастырады;
4) мемлекеттік органдардың ресми сайттарында және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру үшін конкурс нәтижелері туралы ақпаратты береді.
IІІ. Конкурстың қатысушылары
ІV. Конкурсты дайындау тәртібі
Бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады.
Конкурс туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап қатысушы педагогтер (бұдан әрі - Үміткер) Облыстық комиссияның жұмыс органына келесі құжаттар мен материалдарды жолдайды:
осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқауға қатысуға өтініш;
осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша байқауға қатысушының сауалнамасы;
конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тиісті білім және біліктілік деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
еңбек кітапшасының көшірмесі;
Қатысушы көрсетілген құжаттарға қосымша соңғы бес жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері, өзінің қатысуымен жүзеге асырылған білім беру және басқару жобалары бойынша ақпараттарды, сондай-ақ жұмыс орнынан мінездеме ұсына алады.
Сонымен қатар, кәсіби, әлеуметтік-педагогикалық және тұлғааралық сипаттағы мәселелерді шешуге дайындық, іскерлік қасиеттер және ұйымдастырушылық, өзін-өзі тәрбиелеуге және дамытуға дайындық, коммуникативтілік, ұжымды ынталандыру, команданы жұмылдыру, прогрессивті идеяларды жүзеге асыру құзыреттеріне назар аудару қажет.
Конкурс ІV кезеңде өткізіледі.
ЛЭД экранда Google формасы арқылы қатысушылардың Заңдарды, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, дидактиканың, педагогиканың негізгі мәселелерін білу құзіреттіліктерін анықтау үшін 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары ұсынылады.
Бұл кезеңде қатысушылардың дидактикалық, нормативтік-құқықтық дайындығын білу және түсіну деңгейі, ұтқырлығы анықталады.
Қатысушылар ұялы телефонның көмегімен QR-код арқылы кіріп, сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеледі. Нәтижесі экраннан бірден анықталып, көрсетіледі.
Конкурсқа қатысушылар 4 топқа бөлінеді. Әр топқа бір тақырыптан беріледі.
Дайындыққа берілетін уақыт - 5 минут.
Форсайт сессиясына қатысушылар шағын топта жұмыс жасайды. Берілген мәселені бірігіп талқылайды. Қатысушылар болашақтағы қажетті модельді құрып, оны жүзеге асыру жолдарын белгілейді. Әр тақырып бойынша топ қатысушылары ойларын жеткізеді.
|
Жылдары |
«Білім мен таным» (оқылған әдеби, ғылыми, әдістемелік әдебиеттер) |
Оқу-тәрбие үрдісін жақсарту бойынша үздік кейстерді ұсыну |
Мектептің даму жоспарын іске асыруда педагог-лидерлерді тарту арқылы командалық (ұжымдық) жұмысты нығайту.
|
Көшбасшының табысқа жету принциптері |
|
2024 ж. |
|
|
|
|
|
2025 ж. |
|
|
|
|
|
2026 ж. |
|
|
|
|
VІ. Конкурстың қорытындысын шығару