ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫ ЕСЕБІНЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМІ БАР КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУҒА 2021-2022 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТЫН БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КОНКУРС ТУРАЛЫ
ХАБАРЛАНДЫРУ
Конкурс мәні
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2021/2022 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Конкурс ұйымдастырушысы
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы»
Пошталық мекен-жайы: bilim-jambyl@yandex.kz, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35, 303-кабинет.
Байланыс телефондары: 8(7262)438814
Конкурс туралы ақпарат
Конкурс Жамбыл облысы әкімінің 2021 жылғы 10 тамыздағы «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған білім беру грантын беру жөніндегі конкурстық комиссия құру туралы» №212-ө өкімі негізінде өткізіледі.
Конкурс келесі мамандықтар бойынша өткізіледі (хаттама №2 13.07.2021 ж)
|
№ |
Білім беру саласының коды және сыныпталуы |
Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы |
Білім беру бағдарламасы тобының коды және атауы |
2021-2022 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі
|
Оқу жылында 1 студентті оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа құны (теңге) күндізгі оқу |
|
|
ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары |
|||||
|
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті |
||||||
|
1
|
6В01 Педагогикалық ғылымдар
|
6В013 Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау |
В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі |
3 |
1010900 |
901000
|
|
6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау |
В009 Математика мұғалімдерін даярлау |
2 |
1010900 |
901000
|
||
|
В010 Физика мұғалімдерін даярлау |
2 |
1010900 |
901000
|
|||
|
6В017 Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау |
В017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау |
4 |
1010900 |
901000
|
||
|
2 |
6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
6В061 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
В057 Ақпараттық технологиялар |
2 |
1004700 |
920500
|
|
3 |
6В07 Инженерлік, өндеу және құрылыс салалары |
6B071 Инженерия және инженерлік іс
|
В062 Электр техникасы және энергетика |
2 |
1004700 |
920500
|
|
4 |
6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар |
6В081 Агрономия |
В077 Өсімдік шаруашылығы |
2 |
826900 |
742700
|
|
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті |
||||||
|
5 |
6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар |
6В022 Гуманитарлық ғылымдар
|
В033 Дінтану және теология |
1 |
1049300 |
922500
|
|
Халықаралық Тараз инновациялық институты |
||||||
|
6
|
6В09 Ветеринария |
6В091 Ветеринария |
В083 Ветеринария |
2 |
1082600 |
955800 |
|
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті |
||||||
|
7 |
6В10 Денсаулық сақтау |
6В101 Денсаулық сақтау |
В086 Жалпы медицина |
10 |
1188000 |
1001000
|
|
|
Барлығы |
30 |
|
|||
Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖАО-ларға мынадай құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген үлгідегі бланкіде өтінішті;
2) білімі туралы құжатты (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);
3) ҰБТ сертификатын (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде);
4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады.
Білім беру грантын алуға арналған конкурс өткізілген кезде, сондай-ақ жоғары бiлiм кадрларды даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдау кезiнде балдар тең болған жағдайда басым құқық мынадай кезектілік бойынша беріледі:
1) "Алтын белгi" белгiсімен марапатталған тұлғалар;
2) патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградталған адамдардың;
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар тұлғалар;
4) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтар олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;
5) жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектер, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар, медициналық қорытындыға сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы айғақтары жоқ бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар тұлғалар.
Бұл ретте балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары жоғары тұлғаларға беріледі.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.
Конкурсқа қажетті құжаттар конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей ЖАО-ға жіберіледі.
Конкурстық құжаттарды қабылдау мерзімдері:
2021 жылы 5-18 тамыз аралығында сағат 18.30-ға дейін (Астана қаласының уақытымен).