Бала құқығын қорғау – басты құндылық

Бала құқығын қорғау – басты құндылық

Өскелең ұрпақ – жарқын болашақтың ең басты байлығы, асыл қазынасы, келешектің кепілі. Бұл тұста Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» стратегиясында «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмытылуымыз керек» деп тайға таңба басқандай тапсырма бергені есімізде. Елбасымыз Қазақстан халқына арнаған әрбір Жолдауында өскелең ұрпақтың қамын ойлап, қамқорлық көрсетіп, мол мүмкіндіктер жасап келе жатқанына баршамыз куәміз. Бұл бағыттағы бастамалар да қазіргі таңда өз жемісін бере бастады. Әрине, баланың барлығы бақытты болу үшін жаралғаны өмірлік ақиқат. Алайда, өмірдің асау ағыны, оның тас жарар толқыны ешкімнің басынан сипай бермейтіні анық. Дегенмен, өмірдің өзі өзекке тепкен өрімтал ұрпақтың жайы қоғам назарынан тысқары қалған емес.

Облыста атқарылып жатқан жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі–балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі күні облысымызда 0-18 жас аралығында 442276 бала болса, олардың 1316 (2020-1313) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, 956-ы (2020-961) қорғаншылық пен қамқоршылықта, 138-і (2020-146) патронаттық тәрбиеде, 22 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде-77 бала (2020-80), 2 қабылдаушы отбасында 8 бала (2016-0, 2017-2020ж.ж.-9) тәрбиеленуде. Қалған 9 бала жаңадан анықталып, отбасына орналастыру процессі жүргізілуде (Тараз қаласы-7, Талас ауданында -2 )

Облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде барлығы 128  тәрбиеленуші тәрбиеленуде (Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығында–64, (2017 ж.-117 бала,2018 ж.-81бала, 2019 ж.-71бала, 2020 ж.-52 бала); «Үміт» бөбектер үйінде– 7 бала (2017 ж.-28 бала,2018 ж.-13 бала, 2019 ж.-14 бала, 2020 ж.-8 бала), Облыстық жасөспірімдер үйінде–31 кәмелеттік жасқа толмаған тәрбиеленуші (2017 ж.-25 бала,2018 ж.-21 бала, 2019 ж.-26 бала, 2020 ж.-30 бала), №4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында-26 бала (2017 ж.-27 бала,2018 ж.-30 бала, 2019 ж.-28 бала,2020 ж.27 бала) тәрбиеленуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  16 қарашадағы № 661 бұйрығымен бекітілген жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкін қалыптастыру және пайдалану қағидаларының 5-тармағына сәйкес РДБ қорғаншылық органдар толтырған жетім балалардың және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың сауалнамалары негізінде қалыптастырылады.

2021 жылы осындай 86 бала анықталып бастапқы есепке алынды. Олардың 52-і қорғаншылық пен қамқоршылыққа, 1-і патронаттық тәрбиеге, жетім және ААҚҚ балаларға арналған мекемелерге 24 бала орналасқан. 9 бала жаңадан анықталып отбасына орналастыру жұмыстары жүргізілуде.

Республикалық деректер банкісіне тіркелген тәрбиеленушілерді «Жетім балаларды және  ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа  қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына сәйкес өңірлік және орталықтандырылған есепке уақытылы  қою үшін тәрбиеленушілердің сауалнамаларына құжаттар уақытылы тіркеледі.

Сонымен қатар, тәрбиеленушінің статусына өзгеріс енгізілген жағдайда дәлелді құжаттар уақытылы базаға тіркеледі.

Қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  128 бала Республикалық деректер банкісіне тіркелген, оның ішінде асырап алуға – 88 бала, 40 баланы қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге және қабылдаушы отбасы мен отбасы үлгісіндегі балалар үйіне  орналастыруға  мүмкіндік бар.

Әрбір келіп түскен бала Республикалық деректер базасына автоматты түрде тіркеледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 16 қарашадағы № 661 бұйрығының 2 тарауының 1 параграфының 7 бөлігіне сәйкес мекеме қызметкерлері балалар туралы мәліметтерді толтырады. Өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген азаматтар база арқылы бала туралы толық мағлұмат ала алады.

Осындай жүргізілген жүйелі жұмыстар нәтижесінде 2021 жылы мекемелерден 18 бала отбасына және оқу орнына 10 түлек   орналастырылды, оның ішінде қамқоршылыққа және қорғаншылыққа -8, патронаттық тәрбиеге - 1, отбасы үлгісіндегі балалар үйіне - 1, асырап алу -1, өз отбасына – 7 бала қайтарылды.

2016 жылдан бастап 29 (2021 ж.-4 бала) қамқоршылықтың, патронаттық тәрбиенің күші жойылып, қайталама жетімдікпен түскен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелген. Олардың 20-ы (ОҮБҮ-1, қорғаншылық пен қамқоршылыққа 12, патронаттық тәрбиеге-7) отбасыларына қайта орналастырылған. Қалған 9 бала мекемелерде.

Балалардың кері қайтуының себептері: қорғаншылары мен жастарының өтпелі кезеңіне байланысты тіл табыспауы, баланың ауруына байланысты баладан қорғаншыларының бас тартуы және үшінші бір тұлғаның   арыз шағымына байланысты.

  Облыста қайталама жетімдіктің алдын алу мақсатында ҚР Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексінің 91-бабының 4 тармағына сәйкес жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлықтан «Ана Үйі» ҚҚ және Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары оқыту жүргізуде.

ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына сәйкес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматары психологиялық даярлау бағдарламасы бойынша 364 қабылдаушы ата-ана сертификат алды, психологиялық даярлықтан өтіп жатқандар-77, кезекте тұрғандар - 56 отбасы.

Қабылдаушы ата-аналар мектебінен даярлықтан өтетін әрбір кандидаттан алғашқы диагностика алу барысында ата-аналардың басым көпшілігі жаңа туылған нәресте және бауырлары жоқ балаларды алғысы келетіні анықталады. Сол себепті 3 жастан жоғары балаларды асырап алу төмен көрсеткіш көрсетіп тұр.

 2021 жылы - Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау қызметіне - 363 бала орналастырылды. Оның ішінде сот шешімі негізінде арнайы мектепке - 9 бала, қолдау қызметіне - 10 бала, ата-анасына - 316 бала қайтарылып, 28 – бала әлеуметтік дәрежесі анықталғанға дейін орналастырылып орталықта тәрбиеленуде.

Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдерінде қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерімен 14 маман (Тараз-3, Байзақ-1, Жамбыл-1, Жуалы-1, Талас-1, Сарысу-1, Т.Рысқұлов-1, Мерке-2, Шу-1, Қордай-1, Мойынқұм-1), 2 әдіскер (Шу -1, Қордай-1) айналысады.

Облыста балалар үйлері түлектерін бюджеттік негізде 100 пайыз арнаулы және жоғары оқу орындарына орналастыру үрдісі қалыптасқан. Биылғы жылы балалар үйлерін бітіріп шыққан 10 түлектің 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласына, 8-і Тараз қаласындағы  колледждерге оқуға түсті.

Балалардың құқығын қорғау бағытындағы жұмыстар білім басқармасының бақылауында болады.

Таткеев Еркебұлан Төлеубекұлы, Қосымша білім беру, тәрбие және балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы

Дата публикации
29 июля 2021