Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға

ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының Е-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

      3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

      6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;

      7) ғылымидәрежесініңболуы;

      8) Президенттікжастар кадр резервінеалынғантұлғаларүшінжұмысөтілі бес жылдан кем емес.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық жалақысы

 

Санаты

Еңбекөтілінебайланыстықызметтікеңбекақысы

теңгеден

теңгегедейін

Е-R-1

142461

191305

 

 

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (индекс 080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 35 үй №405, 403 бөлмелер, анықтама үшін телефондар: 8(7262) 438805 , 438813, e-mail: bilim_gosyslyga@mail.ru(Электрондық поштаның рұқсат етілген файлдар өлшемі: бекітілген файлдардың көлемі 20 мегабайттан аспауы керек (20 мегабайттан асқан жағдайда, бірнеше хабарлама арқылы жолдау ұсынылады).Бұлттық сервистерде тіркелген файлдар (облако mail, google диск, yandex диск және т. б. осындай сияқты) қабылданбайды (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысының 128-тармағына сәйкес).

Бос тұрған «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімінің басшысы, санаты - Е-R-1, (№ 01-1), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері:бөлім жұмысын ұйымдастыру, болжау, жоспарлау. Білім беру саласында мемлекеттік саясатты жүргізу. Білім беру бағдарламасын іске асыру, азаматтарға міндетті орта білім беруді қамтамасыз ету, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, оларды міндетті орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру, міндетті жалпы орта білім беретін мекемелер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын жүргізу. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру. Білім беру саласын жетілдірудің басқа да мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу, әкім және әкімдік актілерінің жобаларын әзірлеу. Білім саласындағы қажеттіліктерді анықтау, әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын ескере отырып, білім саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру. Мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің тәрбие жұмыстарын дамытудың стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Орта білім беру ісіне, мектепке дейінгі тәрбие мазмұны және жалпы білім беру стандарттары негізінде оқу бағдарламалары мен оқытудың жаңа технологиясы бойынша білімберу ісінің талапқа сай ұйымдастыруын қамтамасыз ету. Білім мекемелерінің қызметтерін талдау, олардың алдағы дамуын болжау. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық процестерді дамыту бағытындағы озық үлгілерді, іс-шараларды жетілдіру, іске асыру. Азаматтарды жеке сұрақтармен қабылдау. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен, тиісті округ әкімдерімен, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесіп іс-қимыл жасау. Меншік түріне қарамай білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасы заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкіметтің қаулыларын, нормативті-құқықтық актілерін, әкімдік қаулыларын, облыс пен қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін орындауды ұйымдастыру және оның сақталуын қадағалау. Мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылайды. Білім басқармасы басшысының, оның орынбасарларының тапсырмаларын орындайды. Еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды және Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамаларын сақтау. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі - білім саласындағынемесеәлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы немесе құқық саласындағы. Мамандығы: білім (жалпы) немесе құқықтану немесе жобаны басқару немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Бюджет жүйесі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Білім туралы», «Әкімшілік процедурасы туралы», «Құқықтықактілер туралы» Заңдарын, функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Б" корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледісоңғы жарияланған күнінің келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына тапсырылуы тиіс.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Тараз қаласы, Төле би көшесі, №35  мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасында әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

"Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы

 

Нысан

 

 _______________________________________

 

_______________________________________

 

________________________________________

 

(мемлекеттік орган)

Өтініш

       Мені ____________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуконкурсынақатысуғажіберуіңіздісұраймын.

      "Б" корпусыныңмемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға конкурс өткізуқағидаларыныңнегізгіталаптарыментаныстым, оларменкелісемінжәнеорындауғаміндеттемеаламын.

      Меніңжекемәліметтерімді, оныңішіндепсихоневрологиялықжәненаркологиялықұйымдарданмәліметтерімдіжинауғажәнеөңдеугерұқсатымдыбілдіремін.

       Мемлекеттікорганның интернет-ресурсындаменіңәңгімелесуімніңбейнежазбасынтранляциялауғажәнеорналасуғакелісімберемін _____________________________________

                                                      (иә/жоқ)

      Ұсынылыпотырғанқұжаттарымныңдәйектілігінежауапберемін.

      Қосаберілгенқұжаттар:

      ____________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________________

      Мекенжайы: ________________________________________________________________

      Байланыс телефоны: __________________________________________________________

      e-maіl: ______________________________________________________________________

      ЖСН: _______________________________________________________________________

      _________ ___________________________________________________________________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

      "____"_______________ 20__;.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Дата публикации
02 июня 2021