Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 8-7) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығын орындау мақсатында «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, «Орта білім беретін үздік ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртібін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу тәртібін хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) барлық түрлеріне рұқсат беріледі.
Конкурс екі кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – аудандық (қалалық), жыл сайын сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылатын Конкурсқа қатысушылар анықталады;
2) II кезең – облыстық, жыл сайын мамыр айында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпазы анықталады.
Конкурсты ұйымдастыру және өткізу мақсатында білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар әрбір деңгейде, облыс, аудан (қала) әкімінің шешімімен облыс (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), аудан (қала) әкімінің білім саласына жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен конкурстық комиссия құрылады.
I және II кезеңдердің конкурстық комиссияларының құрамына облыстық, аудандық (қалалық) білім саласы органдарының мамандары, тәжірибелі педагогтар, әдіскерлер, психологтар, қоғамдық ұйымдар өкілдері, ғылым қайраткерлері, білім және ғылым саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері кіреді.
Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды білім саласындағы жергілікті атқарушы органдар мерзімді баспасөз басылымдарында конкурстың басталуына кемінде 1 ай қалғанда жариялайды және:
1) Конкурс өткізілетін күнін, уақытын, орнын және тәртібін;
2) құжаттар қабылдау орнын және мерзімін қамтуы тиіс.
Қазақстандық білімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және жоғары рейтингтік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін конкурстық комиссия Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы №26 желтоқсандағы №544 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №67 бұйрығымен бекітілген Қағидаларының 11 тармағындағы өлшемдер бойынша жүзеге асырады.
Конкурстың I кезеңінің қорытындысы бойынша конкурстық комиссия облыстық (Астана және Алматы қалаларының) деңгейдегі конкурстық комиссияның қарауына материалдарды, сондай-ақ мектеп атауларын көрсете отырып, аудандық (қалалық) конкурстық комиссия отырысының хаттамасынан үзінді көшірме жолдайды.
Білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияға мынадай құжаттарды:
1) Конкурсқа қатысуға өтінімді;
2) осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген өлшемдерге сәйкес тиісті материалдарды тапсырады.
Өтінімдер нысанын жергілікті атқарушы органдар белгілейді.
Конкурстық комиссияның қарауына қабылдаудың белгіленген мерзімінде тапсырылған құжаттар «Гранттар конкурсы» деген белгі қойылған конвертте қабылданады. Құжаттарын, құжаттар қабылдаудың белгіленген мерзімінен кеш ұсынған білім беру ұйымдары Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Тиісті деңгейдің конкурстық комиссиясы ұсынылған құжаттар негізінде конкурсқа қатысушыларды тіркеуді жүргізеді. Конкурстық комиссия ұсынылған материалдарды қарау негізінде жеңімпазды анықтайды және грант беру туралы шешім қабылдайды.
Әр деңгейдегі конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, дауыс беруге қатысқан комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшы және мүшелері қол қояды. Конкурс жеңімпаздары «Орта білім беретін үздік ұйым» конкурсының лауреаты» атты арнайы құрмет дипломымен және грант алғаны туралы сертификатпен марапатталады.
Диплом мен сертификаттың нысандарын жергілікті атқарушы органдар бекітеді. Грантты төлеу конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Грант мөлшері республикалық бюджет қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі жалақының сегіз жүз еселенген мөлшерін құрайды.
Конкурстық негізде «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын алған мемлекеттік орта білім беру мекемелері Грантты білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсайды.