Облыстық "Үздік педагог" атағын беру конкурсының ІІ кезеңінің өткізілуі туралы хабарландыру

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылдың 16 қаңтардағы №12 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрығын орындау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес 2021 жылдың маусым айында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының облыстық ІІ кезеңін  өткізеді.

«Үздік педагог» атағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын конкурстық негізде беріледі. «Үздік педагог» атағы бір адамға он жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

Конкурсқа білім беру ұйымдарының штаттағы педагогтері болып  табылатын,  кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса  алады.

  1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсы үш кезеңде өткізіледі:

1) Конкурстың І кезеңі - аудандық (қалалық), 2021 жылдың сәуір айында өткізіледі, онда екінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.

2) Конкурстың ІІ кезеңі - облыстық, 2021 жылдың мамыр айында өткізіледі, онда үшінші кезеңге қатысуға ұсынылған Конкурс жеңімпаздары анықталады.

-  конкурстың ІІ кезеңін өткізу туралы хабарландыруды Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы БАҚ-да жариялайды, сондай-ақ облыстық білім басқармасының zh-bilim.kz сайтында орналастырады;

- педагогтерді бағалау үшін құрамы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бұйрығымен бекітілген Комиссия құрылады;

- Комиссия мүшелерінің саны кемінде он бес адамды құрайды. Комиссия төрағасы, төраға орынбасары, комиссия мүшелері сайланады. Хатшы оның мүшесі болып табылмайды;

- конкурстың ІІ кезеңіне қатысу үшін құжаттар электронды форматта ұсынылады;

3) Конкурстың ІІІ кезеңі - республикалық, жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары анықталады.

  1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңіне қатысу үшін аудандық (қалалық) білім бөлімдері электронды форматта мынадай құжаттар мен материалдарды ұсынады:

1) облыстық конкурсқа қатысу арналған өтінім;

2) аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшылары растаған конкурс қатысушысына берілген ұсыныс;

3) жұмыс орны бойынша растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы;

4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді және қазақ, орыс тілдерінде ұсыныс;

6) электрондық тасымалдағыштағы жазылған оқу сабақтары (компакт-дискілерде);

7) оқыту тіліндегі педагог портфолиосы;

8) эссе;

9) осы Қағидаларға 3-қосымшада көрсетілген техникалық шарттарға сәйкес бейнеролик.

  1. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.
  2. Конкурстың II кезеңінің қорытындылары конкурс аяқталғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады, сондай-ақ Басқарманың интернет-ресурсына орналастырылады.
  3. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпазға облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың "Үздік педагог" атағы беріледі және осы Қағидаларға 5-қосымшағасәйкес куәлік табыс етіледі.
  4. «Үздік педагог» атағының иегеріне "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-тармағынасәйкес жергілікті атқарушы органдар "2020-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2019 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген кемінде айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген мөлшерінде сыйақы төлейді, ол оның ағымдағы шотына бір уақытта аударылады.

 

Дата публикации
15 марта 2021