Облыста 586 мектепке дейінгі ұйымдарда 62687 бала тәрбиеленуде. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі: 1-6 жас аралығында – 92,1%, 2-6 жас аралығында – 94,2%, ал, 3-6 жас аралығында - 100% құрап отыр. Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар саны өткен жылмен салыстырғанда 222-ден 245-ке өсті (28319 бала). Мектепке дейінгі ұйымдардағы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 5620 бала тегін тамақпен қамтамасыз етілген.