Облыстағы 42 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында (20 мемлекеттік, 22 жекеменшік) 25 939 студент білім алса, 15 844 (61%) мемлекеттік білім тапсырысы аясында білім алуда.
Өңірде кадрларды даярлаудың басым бағыты ауылшаруашылығы, химиялық, техникалық, ІТ және қызмет көрсету салаларын қамтиды.
Облыста ғимараттың жобалық қуаттылығын толық пайдаланылмаған, контингенттің жылдан-жылға саны кеміген, бір елді мекенде қайталанатын мамандықтары бар колледждерде оңтайландыру (қосу,біріктіру немесе жабу, филиал ретінде қайта құру, қайталанатын мамандықтарды жою) шаралары қабылданды.
Атап айтқанда, 2018 жылы – 1 колледж (Тараз қаласындағы Тараз химия – технология колледжі Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне біріктірілді), 2019 жылы – 2 колледж (№14 Ақкөл Қараатау-құрылыс колледжіне, №18 Ақыртөбе Құлан агротехникалық жоғары колледжіне), 2021 жылы - 2 колледж (№2 Қаратау Қаратау құрылыс – техникалық колледжіне, №5 Жаңатас Жаңатас көпсалалы колледжіне) қосу жолымен қайта ұйымдастырылды.
Білікті мамандарды даярлау 104 мамандықтың 139 біліктілігі бойынша жүзеге асырылса, оның ішінде Тараз қаласында орналасқан 7 колледждің 8 мамандығы қайталанып даярлануда.
2022 жылы 22 колледжде 60 мамандық 69 біліктілік, 2023 жылы 6 колледжде 8 мамандық 9 біліктілік бос тұрған лицензия қосымшасы кері қайтарылды.
Қазіргі кезде оқу орындарын бейіндеу (профилизация) жұмыстарын жүргізу бағытында 7 колледждің 8 мамандығы басқа оқу орындарға ауыстырылатын болады.
Жекеменшік колледждерді бейіндеу жұмыстары басталды.
Облыс көлемінде агро сектор бағытында Құлан агро техникалық жоғары колледжі, техникалық сала бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжі базалық тірек колледждері ретінде бекітіліп, халықаралық стандартқа сәйкес материалдық-техникалық базаға жергілікті бюджеттен 1,3 млрд қаражат бөлініп (2019-2020 жж.) модернизацияланды.
«Жас маман» жобасы аясында 11 колледжде 16 құзыреттілік орталығы жұмыс атқаруда.
2023 жылы №7 Бетқайнар колледжінің жанынан шағын кәсіпорын, тігін цехы іске қосылды. Жобаны іске асыру мақсатында жергілікті бюджет есебінен 97 млн қаражат бөлінді.
Цехқа колледж түлектері мен ауыл тұрғындары арасынан 40 қызметкер қайта даярлаудан өтіп, жұмысқа қабылданды.
Бүгінгі күні, колледж «Ай Tex» ЖШС-мен келісім шартқа отырып, 3000 дана костюмге тапсырыс қабылданды. Қызмет көрсетуден түскен қаражат колледждің материалдық техникалық базасын халықаралық талаптарға сәйкес жабдықтауға, студенттер мен педагогтердің академиялық ұтқырлық аясында халықаралық тағылымдамадан өтуіне мүмкіндік береді.
2024 жылы өңірге қажетті және сұранысқа ие жаңа мамандықтарды анықтауда «Жамбыл облысының жаңа мамандықтар атласы» бағдарламасына жергілікті бюджеттен 70 млн. тг бөлініп, облыстың жаңа кәсіптері мен құзыреттерінің атласы жасалынып, сұранысқа ие өңірдің нақты бағыттары анықталатын болады.
Өңірде 2022-2024 жылдар кезеңінде 4509 жұмыс орнын құрумен 10 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Сәйкесінше, жастарды тегін кәсіптік біліммен қамту көлемі жыл сайын артуды (2022 жылы – 5734 орын, 2023 жылы-6350 орын).
ІТ саласындағы жетекші Жамбыл инновациялық жоғары колледжі осы бағытта Силикон алқабындағы үздік ІТ-компаниялардың біліктілік талаптарына сәйкес үш тілде мамандар дайындауда. Колледж халықаралық аккредитациядан өткен (Улыбритания) және SDU (ІТ) университетінің қамқорлығында (шефство).
Аталған колледжге 2025 жылға материалдық базаны модернизациялау мақсатында 190 млн тг жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, ІТ-ХАБ ашу жоспарлануда.
Облыстағы 10 аудан мен Тараз қаласы әкімдерінің жанынан салалық жұмыс берушілер кеңестері құрылып, олардың ұсыныстары негізінде облыстық стратегиялық даму жоспары бекітілді. Ауылдық колледждерге жетекші колледждер тағайындалды.