2023-2024 оқу жылында 8200 мүмкіндігі шектеулі бала анықталып, өткен жылмен салыстырғанда 278 балаға артқан (2022-2023 оқу жылы – 7922 тіркеліп, оқумен және тәрбиемен қамтылғаны - 6507-і (82,1%)); Биылғы оқу жылында 8200 мүмкіндігі шектеулі баланың 6670-і (81,3%)оқумен және тәрбиемен қамтылып отыр.
Облыста осы бағытта 25 арнайы мекемелер мен кабинеттері жұмыс жасайды.
Инклюзивті білім беруге жағдай жасаған білім мекемелері:
- мектептер саны - 401(90%) (2022-2023 о.ж. – 89%);
- балабақшалар саны – 184 (82,1%) (2022-2023 о.ж. – 80%).
2023 жылы Тараз қаласындағы №14 орта мектептің базасынан №3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, Шу ауданында 2 ресурстық орталық ашылып, материалдық-техникалық базалары жабдықталды. Үстіміздегі оқу жылында Т.Рысқұлов ауданындағы Ә.Бөкейханов атындағы орта мектептен инклюзияны қолдау кабинеті, Меркі ауданындағы А.Асқаров атындағы мектеп-гимназиясы базасынан ресурстық орталық ашу жоспарланып отыр.
Облыстағы 4 арнайы мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базаларын нығайту мақсатында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының есебінен (жалпы құны - 90,8 млн.теңге) қайырымдылық көмек көрсетілді. Оның ішінде, бүгінгі күнге барлық 4 арнайы мектеп-интернаттары қажетті интерактивті панелмен, оқу кабинеттерімен (қазақ тілі мен әдебиеті, физика, математика,информатика, тұрмыстық бағдарлау кабинеттері) және тігін, ағаш шеберханаларына қажетті станоктар, арнайы құрал-жабдықтар алынып берілді.