2023 жылға жалпыға бірдей міндетті білім қоры есебінен аз қамтылған отбасынан шыққан 43 609 оқушыны әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 6,3 млрд. теңге бөлінді.
Бұл көрсеткіш мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінген шығындарынан облыс бойынша 6,6% құрайды (ҚР Үкіметінің 25.01.2008 жылғы № 64 Қаулысына сәйкес 2 пайыз).
Балаларды киім-кешек және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге 40 567 теңгеден бөлініп (2022 жылы-37 389 тг.), ата аналардың жеке шоттарына аударылуда.1 қыркүйектен бастап барлық 1-4 сынып оқушылары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады. Оған облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге қаржы бөлінді.