
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауына дайындық және оны ұйымдастыру мәселелеріне арналған отырысы өтті.
Отырыс барысында алдағы сайлау науқанына дайындық барысы, сайлау заңнамасының талаптарын сақтау, сайлау процесі нұйымдастыружәнесайлаукомиссияларыныңөзараіс-қимылын үйлестіру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар сайлау науқаны кезеңінде атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары, сайлау комиссиялары мүшелерінің міндеттері мен жауапкершілігі, сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау үдерісінің ашықтығы мен заңдылығын сақтау мәселелеріне назар аударылды.
Отырыс қорытындысы бойынша күнтәртібіндегі мәселелер талқыланып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстарға қатысты тиісті тапсырмалар берілді.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы алдағы сайлау науқанын Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына сәйкес ұйымдастыруға, сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.