📍2026 жылғы 2 ақпанда Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.
🤝Келісім Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Көшербаев Бауыржан Жолдыұлымен Байзақ аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саққұлова Әлия Бағысбекқызы мен жүргізілді.
📄 Келісімнің негізгі мақсаты – мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын толық әрі тиімді жүзеге асыруға жағдай жасау. Меморандум шеңберінде осы бағыттағы өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, тәжірибе алмасу, кездесулер мен кеңестер ұйымдастыру, сондай-ақ бекітілген жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.
📌Бұл бастама – қоғамдағы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі..