Ағымдағы жылдың 18 ақпан күні аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы “Әл-Фараби атындағы” мәдениет үйінде Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбы бойынша оқыту-семинары өтті.
Жиынға Байзақ аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссия мүшелері, аудан әкімі аппаратының басшысы,аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарды Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкелов ашып, қатысушыларды семинар-тренинг бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар «Қазақстандағы сайлау жүйесін трансформациялау барысы, жалпыға бірдей сайлау құқығы» және «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қала, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша процестегі ерекшеліктері туралы» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріскерлер “Сайлау науқандарында жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігі”, “Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне кандидат ұсыну және тіркеу”, “Сайлаушылар тізімін қалыптастыру тәртібі, тізімге енгізу, таныстыру және сайлаушылардың құқығы”, “Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру бойынша қажетті шаралар қабылдау”, Сайлауды мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржыландыру”, “Жанжалды жағдайларды басудың медиативті технологиялары”, “Сайлау бостандығының кепілдіктері және сайлау комиссиясының әрекеттеріне шағым жасау, оларға қаралған құқықтық жауапкершілік”, Бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформалар арқылы ақпараттандырудың негізгі аспектілері немесе алтын уақыт алгоритмі” сынды тақырыптарда дәрістер оқып, оқытылған тақырыптарды практикалық тұрғыда шыңдау мақсатында учаскелік сайлау комиссия мүшелерімен ситуациялық сұрақтарға талқылау жүргізді.
Сондай-ақ семинар-тренингте тыңдаушылардың сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздерін білу деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.
8 академиялық сағатты құраған оқыту жұмыстарының соңында барлық учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне арнайы сертификаттар табысталды.