Дүниежүзілік сайлау күнін жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өту дәстүрі Қазақстан Республикасы толыққанды мүшесі болып табылатын Еуропалық сайлауды ұйымдастырушылар қауымдастығының (ACEEO) бастамасымен басталды.
Осыған орай Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасының сайлау жүйесін дамыту» тақырыбында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын насихаттауға бағытталған іс-шаралар өткізді.
Аталған іс-шараға білім беру ұйымдары, атап айтқанда 2025 жылы ақпан айының 3 жұлдызында, Байзақ ауылы №4 мектеп- лицейінде ұстаздар мен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында «ҚР сайлау жүйесі » тақырыбында №470 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Г.Мусаева баяндама жасады. Оқушылар арасында аталған тақрып бойынша пікірсайыс өткізілді.
2025 жылы ақпан айының 4 жұлдызында, №3 Байзақ колледжінде болашақ жас сайлаушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында «ҚР сайлау жүйесі» тақырыбында аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ж.Джакипбековтың баяндамасы оқылып, «Сайлау жарқын болашақ үшін таңдау» тақырыбы аясында студенттермен пікірталас ұйымдастырылды. Сөз кезегі сайлау комиссия төраға орынбасары А. Тулепбергеновке беріліп, тақырып аясында туындаған сұрақтар талқыланды.
Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар Байзақ аудандық жастар ресурстық орталығында, Ю. Гагарин атындағы орта мектепте, Сарыкемер мектеп- гимназиясында жалғасын тапты.