Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы С.Айдапкеловтың қатысуымен «Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары және 2025 жылы алда тұрған міндеттері туралы» есеп беру жиыны өтті.
Жиынға сайлау процесіне қатысты уәкілетті мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері, мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер мен қоғамдық кеңесі, саяси партия филиалдары мен үкіметтік емес ұйымдарының , баспасөз ақпарат құраларының өкілдері, сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.
Жиында Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төраға орынбасары А. Тулепбергенов Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасап, 2025 жылы атқарылатын жұмыстар туралы айтып өтті.
Сонымен қатар, Байзақ ауданы әкімі Олжас Елебекұлы Баққараев сайлаушылар тізімін өзектендіру және учаскелердің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға баяндамашылар тарапынан нақты жауаптар берілді.
Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Айдапкелов Серғали Өмірзақұлы облыс көлеміндегі сайлау мәселелері, кандидаттардың сенім білдірген адамдары мен саяси партиялардың байқаушыларының құқықтары мен міндеттері, сайлаушылар тізімдерін өзектендіру жұмыстары туралы айтып жиынды қорытындылады.
Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы