Аудандағы барлығы 44 мектептің ішінде орта мектептер саны – 38, негізгі мектеп – 3, бастауыш мектеп – 3, гимназия – 1, мектеп-гимназия – 3, мектеп-лицей – 1.
Аудан мектептерінде (44 мектептің 34 типтік, 10 ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Апатты және үш аусымды мектептер жоқ) ағымдағы оқу жылында 22 632 оқушы білім алуда. Оларға 2 990 педагог білім береді.
Білім беру процесін 44 мектептің 34-і қазақша, 10-ы қазақша және орысша жүргізеді.
12 шағын жинақты мектепте (А.Пушкин, Т.Ақбозов, М.Әуезов, С.Сейфуллин, Жаңатұрмыс, Қарасу, Ә.Жанқұлиев, №5, Еңбек орта мектептері, Аққия, Ақтөбе, Бағара бастауыш мектептері) 1466 оқушы білім алуда.
Аудандағы 23 мемлекеттік балабақшаларда - 2273 бала, 23 жекеменшік балабақшаларда - 2371 бала, 11 шағын орталықтарда - 419 бала тәрбиеленді. Барлық тәрбиеленушілер саны - 5063.