Ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 19 қаңтарға тағайындалған Байзақ ауданының Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауына тіркелген кандидаттардың қатысуымен кеңейтілген отырысын өткізді.
Онда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жарас Джакипбеков отырысқа қатысушыларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 27 және 28 баптарына байланысты сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығы мен заңдылығы, Сайлау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік, сайлаушылармен белгіленген үй-жайларда кездесулер өткізу, үгіттік баспа материалдарын белгіленген орындарға орналастыру және кандидаттарға сайлауалды үгіт жүргізуде көзделген қаражат туралы толық түсінік берді.