Меню

Страницы

Статья

Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен ұйымдастыру туралы семинар

Ағымдағы жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған аудандық мәслихаттың №9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша Байзақ ауылдық клубта Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссия мүшелері Мерей Амангелді мен Әсел Қалдарбекованың қатысуымен Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен семинар-тренинг өткізілді.

«Шығып қалған аудандыдық мәслихат депутатының орнына сайлау өткізудің теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында өткен семинар-тренингтің мақсаты №9 округтік сайлау комиссия және №125, 470 учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

Семинар-тренингте сайлаушылар тізімімен жұмыс отқару және сайлаушыларды тізімге енгізу тәртібі, ережеге сәйкес сайлау құжаттарын қаттап және мөр басып жоғары тұрған комиссияға өткізу және дербес деректерді жою тәртібі, мәслихат депутаттарының сайлауына қатысты белгіленген нысандағы хаттамалар мен журналдарды толтыру туралы айтылды.

Сонымен қатар, байқаушылар, БАҚ өкілдері және сенім білдірген адамдардың қызметін қамтамасыз етудің алгоритмі, дауыс беру үй-жайындағы тәртіп ережелер нормасының сақталуын қамтамасыз ету, мәслихат депутатын сайлау кезінде дауыс беруді ұйымдастыру, дауыстарды санау, қайта дауыс беру және сайлау қорытындыларын анықтау алгоритмі, мүгедектігі бар сайлаушыларға дауыс беруді ұйымдастыру туралы аудандық аумақтық сайлау комиссия мүшелері дәріс берді.

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Абдан Тулепбергенов семинар жұмысын қорытындылай келе семинарға қатысушыларға алдағы сайлауға сәттілік тіледі.

 

Дата публикации
04 декабря 2024
Дата обновления
04 декабря 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ZAU.KZ
Ақпарат
21 октября 2026
Aulieata Media
Ақпарат
21 октября 2026
Aulieata media

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы