Меню

Страницы

Статья

Комиссия отырысы

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2024 жылдың 8 желтоқсанына тағайындалған Байзақ аудандық мәслихатының №9 бірмандаттық аумақтық  сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына тіркелген кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының қатысуымен кеңейтілген отырысын өткізді.

Онда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ЖарасДжакипбеков  отырысқа қатысушыларды «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 27 және 28 баптарына байланысты сайлау алдындағы үгіт жүргізу құқығы мен заңдылығы, Сайлау туралы заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік, сайлаушылармен белгіленген үй-жайларда кездесулер өткізу, үгіттік баспа материалдарын белгіленген орындарға орналастыру және кандидаттарға сайлауалды үгіт жүргізуде көзделген қаражат туралы толық түсінік берді.

Сондай-ақ ол депутаттыққа  кандидаттың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерін белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасындағы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28 бабының 3-тармағына, 33 бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысында белгіленген мөлшерлеріменде таныстырды.

 

 

Дата публикации
15 ноября 2024
Дата обновления
15 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
23 октября 2026
ZAU.KZ
Ақпарат
21 октября 2026
Aulieata Media
Ақпарат
21 октября 2026
Aulieata media

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы