Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылы 11 қазандағы №9 қаулысымен № 9 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалды.
2024 жылы 11 қазанында № 9 округтік сайлау комиссиясымен семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңесте округтік сайлау комиссия мүшелеріне кандидаттармен жұмыс істеу туралы, кандидатқа ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы, Байзақ аудандық мәслихатының шығып қалған депутаты орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары туралы айтылып, түсініктемелер берілді.