Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Байзақ аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы
2024 жылғы 5 қыркүйекте аудандық аумақтық референдум комиссиясының кеңейтілген отырысы болды.
Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі №636 Жарлығына сәйкес, ағымдағы жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу кезеңінде атқарылатын мәселелер қаралды.
Комиссия төрағасы Ж. Джакипбеков комиссия отырысында 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық атқарылатын жұмыстар мен іс- шаралардың деркезінде орындалуын қамтамасыз етуді, комиссия мүшелеріне жүйелі жұмыс атқаруды тапсырды.