2023 жылы құрылыс бөлімі арқылы 16 жобаға бюджеттен 5,086 млрд. теңге бөлініп, іске асырылуда. Оның 5-і осы жылы тапсырылуы тиіс, 10-ы келесі жылға өтпелі. Жыл басынан 4 нысанның құрылысы аяқталды.
2023 жылы құрылыс бөлімі арқылы тұрғын үй саласында 4 нысанның құрылысы 2023жылы пайдалануға қабылдау жоспарлануда, ИКИ бойынша - 6 нысан 2024жылға өтпелі, подстанция құрылысы (ПС/35/10) 2024жылға өтпелі, Ветеринария саласы-3 питомник 2023жылы пайдалануға қабылданды, 2-беккер шұңқыры 2024жылға өтпелі, мәдениет саласы-2 нысан Тегістік 90 орындық 2023жылы пайдалануға қабылданды, Кеңес 90 орындық 2024жылға өтпелі, Спорт саласы бойынша 1-нысан,2024жылға өтпелі.
Облыстық құрылыс басқармамен бекітілген
межелерді орындау бойынша
2023 жылдың 11 айында Байзақ ауданы бойынша құрылыс көлемі 13 427,3млн.теңге яғни 100,7% орындалды. Бөлім тарапынан 2023 жылдың 12 ай қорытындысымен 16 625,8 млн теңге межені орындау жоспарлануда.
Межені орындауға жетпейтін қаражаты 3 198,5 млн.теңге
Құрылысы жүріп жатқан нысандары
Байзақ ауданы тұрғындарының әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтеру масқатында, 2023 жылы облыстық бюджеттен 4 тұрғын үйлердің (№1, 2, 3, 4) құрылысына 2 521,3 млн теңге бөлініп, «Бином» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Қазіргі таңда, №1 тұрғын үй - 95%-ға, №2 тұрғын үй - 70%-ға, №3 тұрғын үй - 95%-ға, №4 тұрғын үй - 85%-ға аяқталды. Аталған нысандардың құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін толығымен аяқталып пайдалануға қабылданатын болады. Осы орайда, ағымдағы жылы 4 тұрғын үйлерді газбен, электрмен қамтуға және аулаға абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін «ПроектДизайнҚұрылыс» ЖШС-і арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Осыған байланысты, құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру мақсатында жоба құны 459,6 млн теңге құрайтын бюджеттік өтінім дайындалып, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына тапсырылды. Сонымен қатар, 2021 жылы № 5, 6, 7, 8, 9, 10 тұрғын үйлердің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 5 327,9 млн теңгені құрады. 2023 жылы № 11, 12, 13, 14, 15, 16 тұрғын үйлердің құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жоба құны 6 969,9млн теңгені құрады. Бұл нысандарға қаржы қарастыру мақсатында, Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасына бюджеттік өтінімдер тапсырылған.
Жоғарыда аталған Сарыкемер ауылындағы 5 қабатты 60 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйлерге және т.б әлеуметтік нысандардың инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымын(электр, газ, су, кәріз және т.б) дамыту мақсатында «D & K» ЖШС-мен 1 276,8 млн теңгеге келісім шарт жасалынды. Дегенмен, тұрғын алқапқа салынатын көп қабатты тұрғын үйлердің электр, газ, кәріз желілерінің қуаттылығы жоғарылауына байланысты, бүгінгі күнде жобалық сметалық құжаттамаға түзетулер енгізіліп, 04.07.2023 жылы сараптаманың оң қорытындысы алынды. Осыған орай, аталған нысанға облыстық бюджеттен қосымша 732,7млн теңге қаражат қарастырылды. Бүгінгі таңда, құрылыс жұмыстары 90% аяқталып отыр. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың желтоқсан айында толығымен аяқталып, пайдалануға қабылданатын болады.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарын және жаңадан салынып жатқан нысандарды үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін, 2022 жылдың қараша айында Сарыкемер ауылына қуаты 2х16000 кВт Вл 35кВ 35/10кВ екі тізбекті желілі подстанциясының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары «АСБ Электромонтаж» ЖШС-і арқылы 855,9 млн теңгеге жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары 95% аяқталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтап, пайдалануға қабылдау үшін, 2024 жылға қарастырылған 420,4 млн теңгені 2023 жылға қарастыру мақсатында ҚР Қаржы министрлігіне хат жолданды.
Мәдениет саласыбойынша: 2022-2023 жылдар аралығында 118,8 млн теңгеге Тегістік ауылына 90 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілді. Нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі болғандықтан, ағымдағы жылдың 31 тамызында толығымен аяқталып, пайдалануға қабылданды.
Сонымен қатар, 2023 жылы Кеңес ауылына 90 орындық мәдениет үйінің құрылысына113,8 млн теңге қарастырылып, «Талас Құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары 11 қазанда басталып, бүгінгі таңда 25% аяқталды. Нысан 2024 жылға өтпелі.
Елді мекендерде инженерлік-инфрақұрылымды дамыту бойынша: 2022-2023 жылдар аралығында «Үлгілі ауылында 28,9 га тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Көше жолдары құрылысы» және «Аймантөбе ауылында 10 га тұрғын алқабының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту. Көше жолдары құрылысы» нысандарының құрылысы «Радуга строй KZ» ЖШС-і арқылы 126,5 млн теңгеге жүргізілді. Нысандардың құрылысы 2023 жылға өтпелі болғандықтан, ағымдағы жылдың маусым айында толығымен аяқталып, пайдалануға қабылданды. Сонымен қатар, Жетібай, Дихан-2, Базарбай ауылдарындағы тұрғын алқаптардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, қиыршық тас жол құрылысын жүргізуге «D & K» ЖШС-мен 754,1млн теңгеге келісім шарт жасалынып, құрылыс жұмыстары жүгізілуде. Нысандар 2024 жылға өтпелі.
Ветеренария саласы бойынша: 2023 жылы 53,9млн теңгеге Үшбұлақ ӨК жерінде орналасқан иесіз иттерге арналған питомник құрылысы жүргізілді. Нысанның құрылыс жұмыстары 2023 жылдың 20 маусымында толығымен аяқталып, Байзақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің теңгеріміне тапсырылды.
Сонымен қатар, Суханбай және Көптерек ауылдық округтерінің жеріне биотермиялық «Беккер» шұңқырының құрылысын жүргізуге «Каз Гидро Спас» ЖШС-мен 23,5 млн теңгеге келісім шарт жасалынған. Бүгінгі таңда, мердігер тарапынан құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқтамалмауына байланысты, келісім шарттың 8-тармағы 8,3-тармақшасына сәйкес, әр кешіккен күнге келісім шарттың жалпы соммасынан 0,1% тұрақсыздық айыппұлы есептеліп, Жамбыл облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына, мердігерді мемлекеттік сатып алуда жосықсыз қатысушы деп тану және 10% тұрақсыздық айыппұлды жергілікті бюджеттің кірісіне өндіріп алу үшін талап арыз жолданды.
Спорт саласы бойынша: Ағымдағы жылы Сарыкемер ауылында денешынықтыру және сауықтыру кешені құрылысын салуға «Bek Strоy 2010» ЖШС-мен 290,2 млн теңгеге келісім шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары 21 тамызда басталып, бүгінгі таңда 25% аяқталды. Нысан 2024 жылға өтпелі.
2023-2024 жылдардағы жылыту маусымына қатысты
2023 жылға 8 білім нысанын көгілдір отынға қосу жұмыстарына облыстық бюджеттен 202,8 млн. теңге қаражат бөлініп, мектеп қазандықтарын газбен жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Олар: Кеңес ауылындағы №3 орта мектебі, Жақаш ауылындағы А.Суханбаев атындағы о.м, Абай ауылындағы Абай атындағы о.м., Мәдімар ауылындағы Ш.Уалиханов атындағы о.м., Жаңатұрмыс ауылындағы Жаңатұрмыс о.м., Қосы батыр ауылындағы Қарасу о.м., Көкбастау ауылындағы Амангелді атындағы о.м., Ақшолақ ауылындағы Ақшолақ о.м.
Сонымен қатар, аталған жұмыстар барысында 3 балабақша нысаны қамтылды, яғни Көкбастау ауылындағы «Айшуақ» балабақшасы, Мәдімар ауылындағы «Балдәурен» балабақшасы, Кеңес ауылындағы «Айгүл» балабақшасы жылу тұрақты түрде берілуде.
Абай ауылындағы «Айгөлек» балабақшасын газбен жабдықтау жұмыстарын, жеңімпаз мердігер «Алатау Пром Строй 2030» 3,9 млн. теңгеге жүргізді (Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Байзақ ауданының білім бөлімі).
Ағымдағы жылы «Байзақ» КМК-мен 106,0 млн. теңгеге жалпы,тозығы жеткен 5 мектеп (Мырзатай о.м., Жамбыл ат. о.м., Н.Гоголь ат. о.м., Ю.Гагарин ат о.м., Т.Ақбозов ат. о.м.) қазандықтарының жылу беру желілері және өзге де мектеп қазандықтарының құрал-жабдықтары ауыстырылып, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жұмыстары туралы
2022жылы қыркүйек айында орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған 9 елді мекенге (Аққия, Сарыбарақ, Ботамойнақ, Құсақ, Жеңіс, Ақтөбе, Жібек жолы, Төрегелді, Тегістік) республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 млрд. теңге қаралып, ауыз су имараттары мен су бұру жүйелерінің құрылыс жұмыстары басталған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты абаттандыру жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айына дейін ұазартылған. Қазіргі таңда Жібек жолы, Төрегелді, Ботамойнақ, Тегістік, Сарыбарақ, Ақтөбе, Жеңіс елді мекендері қабылданып ауыз су берілуде. Ал, қалған 2 елді мекендерде(Құсақ, Аққия) құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысындағы ауылдық елді мекендерді ауыз сумен қамту бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жол картасына сәйкес, Шахан ауылын Сарыбарақ ауылы арқылы орталықтандырылған ауыз сумен қамту жоспарланған, жоспарға сәйкес жобалық сметалық құжаттама әзірленіп сараптаманың оң қорытындысы алынып, Жамбыл облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасына бюджеттік өтінім жолданды.
Сондай-ақ, аудан аумағында орналасқан Төрткөл, және Жаңасаз ауылдары халық саны аз елді мекендерге жатады (Төрткөл ауылында 52 аулада 290 тұрғын, Жаңасаз ауылында 38 аулада 278 тұрғын қоныстанған). Осы мәселелерді ескере келе, аталған ауылдарға облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан суды тазартудың кешенді блок-модульдерін орнату жоспарланған. Алайда, аталған елді мекендерде жылдан жылға халық санының өсуіне байланысты орталықтандырылған ауыз су құрылысын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде. Сонымен қатар Дихан ауылының орталықтандырылған ауыз су жүйесін қайта жаңарту жұмыстарына және Қосақ-2 ауылын Қосақ ауылы арқылы ауыз сумен қамту бойынша сметалық құжаттама әзірленуде.
Жол жөндеу жұмыстары туралы
Қазіргі таңда, аудандық маңызы бар Жібек жолы-Жақаш-Көкөзек19,2 шақырым жолына облыстық және аудандық бюджеттен 631,8 млн теңге қаражат бөлініп мемлекеттік сатып алу конкурсына жарияланып мердігер «Рауан» ЖШС-і анықталып жұмыстар жүргізілуде (73%).
Ағымдағы жылы «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы 677,1 млн. теңгеге (Республикалық бюджеттен 609403,0мың теңге және аудандық бюджеттен 67711,0 мың теңге) жалпы 35,9 шқ-ды құрайтын 34 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде: Бүгінгі күнге 34 көшенің 32-і көшесіне орта жөндеу жұмыстары ақталды.
Жалғызтөбе а/о 1,328 шақырымды құрайтын 3 жоба толығымен аяқталды.
Төле би тұйық көшелерін орташа жөндеу 0,429 шақырым, Намазбай, Дәулетов көшелерін орташа жөндеу 0,639 шақырым, Жұмаділов көшелерін орташа жөндеу 0,260 шақырым.
Үлгілі а/о 4,281шақырымды құрайтын 8 жоба толығымен аяқталды
МТФ көшесін орташа жөндеу 0,631 шақырым, Үлгілі массивіндегі ұзындығы 0,618 шақырым көше, Жақыпбай 6-ші бұрылыс ұзындығы 0,830 шақырым, Исмайлов 4-ші бұрылыс көшесінің жолын орташа жөндеу 0,600 шақырым, Жақыпбай көшесін қамти отырып, Исмаилов көшесі көшесінің жолын орташа жөндеу 0,827 шақырым, Жақыпбай 3-ші бұрылыс, Исмайлов 3-ші бұрылыс, Старая мельница көшелерін орташа жөндеу 0,430 шақырым, Исмаилов көшесінен МТФ көшесіне дейінгі жолақты орташа жөндеу 0,235 шақырым, Исмаилов көшесін орташа жөндеу 0,110 шақырым.
Түймекент а/о 25,947 шақырымды құрайтын 24 жоба іске асырылуда(2 көше және 1 көше бойына тратуар орнату жұмысы қалды)
Нахманұлы көшесінің бойындағы тротурарды орташа жөндеу 1,5 шақырым, Байзақ батыр тұйық көшесін орташа жөндеу 1,610 шақырым, Қарасу көшесін орташа жөндеу 0,166 шақырым, Ш.Есботаұлы 2-ші тұйық көшесін орташа жөндеу 0,049 шақырым, Түймекент ауылындағы тұйық көшелермен Т.Кәрімбеков көшесін орташа жөндеу 2,642 шақырым, Самал шағын аудан көшелерін орташа жөндеу 1,996 шақырым, Ш.Есботаұлы көшесін Түймекент ауылындағы тұйық көшелермен орташа жөндеу. 1,991 шақырым, Түймекент ауылындағы тұйық көшелермен Жеңістің 50 жылдығы көшесін орташа жөндеу 0,595 шақырым, Ш.Есботаұлы тұйық көшесін орташа жөндеу 0,539 шақырым, А.Дүкенбайқызы 1-ші тұйық көшесін орташа жөндеу 0,417 шақырым, Талас көшесін орташа жөндеу 0,292 шақырым, Д.Қонаевтың 1-ші тұйық көшесін орташа жөндеу 0,543 шақырым, А.Дүкенбайқызы тұйық көшесін орташа жөндеу 0,142 шақырым, А.Дүкенбайқызы көшесін орташа жөндеу 1,127 шақырым, Жасұлан көшесі мен автотұрақтарды орташа жөндеу 0,554 шақырым, Б.Қоңыр көшесін орташа жөндеу 0,626 шақырым, Б.Қоңыр көшесін орташа жөндеу 0,602 шақырым, А.Дүкенбайқызы 2-ші тұйық көшесін орташа жөндеу 0,575 шақырым, Байзақ батыр көшесін орташа жөндеу 1,35 шақырым, Қонаев көшесінің бойындағы екі жақтағы Тротуар 2,65 шақырым, Ақжар ауылындағы көшелердің жол жабынын орташа жөндеу 1,163 шақырым, Б.Қонырдың 2-ші, 4-ші бұрылыстарын орташа жөндеу 0,696 шақырым, Нахманович көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолындағы тастарды орташа жөндеу 1,492 шақырым, Қонаев көшесінің бойындағы жаяу жүргіншілер жолындағы тастарды орташа жөндеу 2,630 шақырым.
Қостөбе а/о 5,152 шақырымды құрайтын 3 жоба толығымен аяқталды
Талас станциясындағы Мектеп 1-ші көшесінің жолын, арық, Казак, Талас, темір жолы және Төрегелді көшелерін орташажөндеу 2,124 шақырым, Қостөбе ауылындағы Сарымолдаевтың 2-ші бұрылысының жолын, Атабеков, Әулиеата және Сарымолдаев бұр көшелерін орташа жөндеу 3,028 шақырым.
Ботамойнақ а/о 3,079 шақырымды құрайтын Байзақ ауылы Амангелді Иманов көшесін орташа жөндеу жұмысы аяқталды.
Сонымен қатар облыстық бюджеттен Бурыл ауылы көшелерінің (12 жоба Арай, Байзақ датқа, Байзақ датқа иіні, Көктем, Талас, Нұр иіні, Құмжотинсакая, Т.Рысқұлов, жаяу жүргінші жолы, Даңғыл ата 1-бұр, Даңғыл ата 2-бұр, Мир)орта жөндеу жұмыстарына 227531,0 мың теңге қаражат бөлінді.8 көшесіне мердігер «Рауан» ЖШС,4 көшесіне «Дезфумекс» ЖШС анықталып, жұмыстар 100 % аяқталды.
2023 жылы облыстық мәслихат сессиясы нақтылауында Сарыкемер ауылының 34 көшесіне(Достық, Сатпаев, Қарасу, Сарыкемер, Жетісу, Бостандық, Байзақ батыр 11-ші бұрылысы, Көлқайнар, Тастөбе, Саяхат, Кравцов, Жаңақоныс, Есқара, Тәуелсіздік, Ж.Байбосын бұрылысы, Ақдала, Сейфуллин бұрылысы, Рысқұлов, Қызылқайнар, Жиделі, Мамыраймов, Сапаралиев, Ақбұлым, Тараз, Зербұлақ, Арбатас, Бексұлтанов, Шалабаев, Мәмбет батыр 1,2,3,4,6 бұрылыстары)306,6 млн.теңге қаражат қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 27 көшеге орта жөндеу жұмыстары аяқталды.
2023 жылғаорта жөндеуден өткен жолдардың сапасын тексеруге 16,8 млн. теңгеге бюджеттік өтінім жолданып Ұлттық «Жол активтерінің Сапа орталығы» мен 2,0 млн теңгеге келісім шарт жасалынды.
Байзақ ауданы бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету өкілетті органның (аудандық полиция бөлімі) ұйғарымдары бойынша 2023 жылы аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі арқылы300 дана арнайы ескерту жол белгілері және 62 дана жасанды жол кедергілері (адыр-бұдырлар) орнатылды (мердігер «Гранд Строй Базис» ЖШС).
Сондай-ақ, аудандық маңызы бар 132,07 шақырым автожолына жол жолағын сызу және мектеп алдына жаяу жүргінші жолағын сызу жұмыстары жүргізілді (мердігер ЖК «Спецхоз»). Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы талдарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілді (мердігер ЖК «НҰР»).
Сондай-ақ аудандық маңызы бар жолдарға «Гранд Строй Базис» ЖШС-і мен келісім шарт жасалып 2385 м2 жол бөлігіне ағымдағы (ойық жамау) жөндеу жұмыстары жүргізіліп толықтай аяқталды.
Жолдар шегінде адамдар мен жүктерді көлік құралдары арқылы немесе оларсыз тасымалдау процесінде жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сарыкемер ауылы Киікбаев мектебінің алдында, Байзақ батыр мен Мәмбет батыр, Орынқұлов пен Мәмбет батыр, Байзақ батыр мен Смайлов, Байзақ батыр мен Жамбыл көшесі қиылыстарында 5 бағдаршам және Бурыл ауылы Қонаев және Кәрімов көше көшелері қйылысында 1 бағдаршам жалпы аудан бойынша 6 бағдаршам жұмыс істеуде.
2022 жылы 1 наурыз айынан бастап Тараз-Сарыкемер автожолының (Талас ауылына бұрылатын бұрылысы, Сали-Ойл жанармай бекетінің маңы) жылдамдықты бақылайтын бейнебақылау камерасы орнатылды.
Жол көлік оқиғалары жйі орын алатын 5 орынға яғни, Сарыкемер-Үлгілі, Сарыкемер-Дихан (балық шаруашылығы маңына), Бурыл, Көктал, Ақшолақ ауылдарының кіреберістеріне «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылды.
2023 жылы қыркүйек айында Тараз-Алмаы тас жолы арқылы Байзақ ауылына кіреберіс жол бөлігіне «Сергек» бейнебақылау камерасы орнатылды.