Отандастарымыздың зейнетақы шоттарында 26,87 трлн теңгеден астам қаражат жинақталды

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  2026 жылдың 1 наурызына 26,87 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 4,19 трлн теңгеге немесе 18,5%-ға өсті.

2026 жылдың 1 наурызында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 25,23 трлн теңге. Бір жылдағы өсім 3,35 трлн теңге (15,3%). 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 746,91 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 14,8%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8 есеге ұлғайып, 2026 жылдың 1 наурызына 879,18 млрд теңге болды.

Дата публикации
20 апреля 2026