Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1.

Қостөбе ауылы, О.Атабеков көшесі бойындағы арықтың бойын бетондау және шлюз орнату жұмыстарын жүргізу

2027 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы (Қ.Жүзбаев - келісімі бойынша), Қостөбе ауылдық округінің әкімі (М.Мамышев)

Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды. Бюджеттік қолдау қаралған жағдайда, жұмыстар іске асырылатын болады.

2.

Қостөбе ауылындағы ауылдық клубқа жөндеу жұмыстарын жүргізуді қарастыру

2029 жыл

ІІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Р.Қасымов), аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы (С.Сыздықов), Қостөбе ауылдық округінің әкімі (М.Мамышев)

Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттік өтінім тапсырылды. Бюджеттік қолдау қаралған жағдайда, жұмыстар іске асырылатын болады.

Дата публикации
26 марта 2026