Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2025 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру

мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

«Сеңкібай» каналына жөндеу жұмыстарының аяқталуын және канал бойында Сеңкібай ауылы маңынан мал өтетін көпір мен мал су ішетін суат жасау мәселесін ұйымдастыру

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), «Қазсушар» РМК ЖФ-ның Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы (Қ.Жүзбаев - келісімі бойынша), Мырзатай ауылдық округінің әкімі (А.Оспаналиев)

Су саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының 2-бағыты аясында 17 канал реконструкциялау жобасы іске асырылуда. Барлық жобалардың бас мердігері  «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС. «Сеңкібай» каналындағы жөндеу жұмыстары бақылауда, ал мал өтетін көпір мен суат салу мәселесі мердігермен келісілуде және жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

2

«Қыдырбай» каналын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), «Қазсушар» РМК ЖФ-ның Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы (Қ.Жүзбаев – келісімі бойынша), Мырзатай ауылдық округінің әкімі (А.Оспаналиев)

«Қыдырбай» каналын жөндеу жұмыстарына ағымдағы жылы қаражат бөлінбегендіктен, жоба 2027 жылға жоспарланған. Қажетті қаржы бөлінген жағдайда, жөндеу жұмыстары ұйымдастырылады.

Дата публикации
26 марта 2026