Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Көктал ауылы, Мәдімар көшесі бойындағы жасанды жол кедергілерін (адыр-бұдыр) қалпына келтіру

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Көктал ауылының әкімі (С.Қайпұлдаев)

Облыстық маңызы бар жол бойынша Жамбыл облысы әкімдігінің автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасы сәуірде мемлекеттік сатып алу өткізіп, жеңімпаз мердігермен жұмыстарды ұйымдастырады

2

Көктал ауылынан Мырзатай ауылына шығатын жол бойына мал айдау белгілерін орнату

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Көктал ауылының әкімі (С.Қайпұлдаев)

«Байзақ ауданы әкімдігінің ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі сәуір айында жол белгілеріне мемлекеттік сатып алу өткізеді. Жеңімпаз мердігермен жұмыстар атқарылады

Дата публикации
26 марта 2026