|
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу |
|
1. |
Жалғызтөбе ауылдық округі, Аққия ауылына ауыз су кіргізу жұмыстары кезінде көшелердегі кесілген асфальт жабындыларын қайта қалпына келтіру |
2026 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі (М.Тайтелиев) |
Жалғызтөбе ауылдық округі, Аққия ауылындағы көшелердегі кесілген асфальт жабындыларын қайта қалпына келтіру мақсатында аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан 2026 жылғы 04 наурыз күні шығыс №12-1-23/136 хаты «Жаңару» ЖШС-гі мердігер мекемесіне жолданды. Аталған бағыттағы жұмыстар бақылауға алынған. |
|
2. |
Жалғызтөбе ауылдық округі аумағындағы Тлеуболат - 4 каналының арнасын ЛР - 6-дан монолитті каналға ауыстыру жолын қарастыру |
2026 жыл ІІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы (Қ.Жүзбаев), Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі (М.Тайтелиев) |
Байзақ ауданындағы каналдарды реконструкциялау мақсатында 17 жоба іске асырылуда. «Тлеуболат - 4» каналының арнасын ЛР - 6-дан монолитті каналға ауыстыру бойынша мердігер мекемемен келіссөздер жүргізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізу жоспарланып отыр. |