Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2026 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

Р/с

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалу

1.

Жалғызтөбе ауылдық округі, Аққия ауылына ауыз су кіргізу жұмыстары кезінде көшелердегі кесілген асфальт жабындыларын қайта қалпына келтіру

2026 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі (М.Тайтелиев)

Жалғызтөбе ауылдық округі, Аққия ауылындағы көшелердегі кесілген асфальт жабындыларын қайта қалпына келтіру мақсатында аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан 2026 жылғы 04 наурыз күні шығыс №12-1-23/136 хаты «Жаңару» ЖШС-гі мердігер мекемесіне жолданды. Аталған бағыттағы жұмыстар бақылауға алынған.

2.

Жалғызтөбе ауылдық округі аумағындағы Тлеуболат - 4 каналының арнасын ЛР - 6-дан монолитті каналға ауыстыру жолын қарастыру

2026 жыл

ІІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (С.Қабылбеков), «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы (Қ.Жүзбаев), Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі (М.Тайтелиев)

Байзақ ауданындағы каналдарды реконструкциялау мақсатында                           17 жоба іске асырылуда. «Тлеуболат - 4» каналының арнасын ЛР - 6-дан монолитті каналға ауыстыру бойынша мердігер мекемемен келіссөздер жүргізілуде. Аталған бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылдың соңына дейін жүргізу жоспарланып отыр.

Дата публикации
26 марта 2026