01.02.2026 жылғы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 26,36 трлн теңгеден асты. 12 айдағы өсім 3,74 трлн теңгеге немесе 16,5%-ға өсті.
2026 жылдың 1 ақпанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,81 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 14,4%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 736,07 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,2%.
Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 23,6% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2026 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша көлемі 9,89 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2026 жылдың 1 ақпанына 807,75 млрд теңге болды.