ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша шолу

 enpf.kz сайтында зейнетақы активтерін ҚР ҰБ пен ИПБ басқаруы туралы

2026 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша есебі ұсынылған  

"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.

2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 26 337,27 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 435,96 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 806,69 млрд теңге.  

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 94,62 млрд теңге. 

[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда

Дата публикации
16 марта 2026