Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 8-1) тармақшасына,  113-1 бабының
1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.    2026 жылғы 12 сәуіріне  Байзақ  ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. 2026 жылғы 12 сәуіріне тағайындалған Байзақ  ауданы Бурыл ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  3. Осы қаулы Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                                        Б. Кошербаев

 

 

Хатшы                                                                        Б. Рахметова

 

 

Дата публикации
04 марта 2026