Байзақ ауданында Бурыл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының                          4-тармағына, 22-бабына сәйкес Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы               ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Байзақ ауданы Бурыл ауылдық округі әкімін сайлау бойынша Бурыл ауылдық округі шекарасында сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округі және оның шекарасы мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетілген мәліметтер Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық
    «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетінде жариялансын.

 

 

Төраға                                                               Б. Кошербаев

 

 

Хатшы                                                                        Б. Рахметова

 

 

 

 

 

Сарыкемер ауылы,

04.03. 2026 жыл

№4

 

 

Дата публикации
04 марта 2026