Видеоға арналған ҰЛТТЫҚ ҚОР - БАЛАЛАРҒА сұрақтар-жауаптар пакеті

Сұрақ

Жауап

1.   Баламның «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына қатысушы екенін қалай тексеруге болады?

 

Ол үшін БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтына кіріп, «Қатысушыны іздеу» бөліміне баланың ЖСН-ін енгізіп, «Тексеру» батырмасын басыңыз.

Сонда Сіз баланың қай есепті жылдан бастап бағдарламаға қатысушы екені және жинақталған нысаналы талаптардың жалпы сомасын көресіз.

 

2. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?

 

Нысаналы талаптар – Үкіметтің 18 жасқа толмаған Қазақстан азаматтары-балалары алдындағы міндеттемелері. Нысаналы талаптар жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50% есебінен қалыптастырылады. Нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы шоттарда есептеліп, ескеріледі. Бірақ активтердің өзі Ұлттық қор активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастыра береді. Оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептеледі.

Нысаналы жинақтар –  нысаналы талаптардың бұрыннан жинақталған сомасы. Олар Қазақстанның азаматы болып есептелетін алушылардың нысаналы жинақтау шотына олар 18 жасқа толатын жылы есептеледі.    

Осылайша, он сегіз жасқа толғаннан кейін нысаналы талаптар нысаналы жинақтарға айналады. Олар бағдарламаның әрбір қатысушысының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында АҚШ долларымен есептеледі және сақталады.

Дата публикации
18 февраля 2026