2025 жылдың қорытындысы бойынша аудан бойынша жергілікті атқарушы органдарымен 9818 мемлекеттік қызметтер көрсетілген және 9 шағым түскен (Сарыкемер-1, Қостөбе-5, Бурыл-1, Үлгілі-1, Көктал-1).
Оның ішінде:
Ағымдағы жылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Осы мерзімде жергілікті атқарушы органдардың қызмет берушілерімен 542 дәлелді бас тартулар орын алған. Себебі өтініш беруші талаптары мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкес емес.
Бақылау іс-шаралары бойынша
Бекітілген жоспарға сәйкес тоқсан сайын ішкі бақылау жұмыстары жүргізіліп отырады. 2025 жылдың 12 айында 4 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. І тоқсанда ішкі бақылау жұмыстары аудан әкімдігінің жер қатынастары бөліміне өткізілді.
Нәтижесінде 227 кемшіліктер анықталды және 5 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды. 1 мемлекеттік қызметкер «сөгіс» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
II-ші тоқсанында Ішкі бақылау жұмыстары Бурыл ауылдық округі әкімі аппаратына өткізілді.
Нәтижесінде 3 кемшіліктер анықталды және 2 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды 1 мемлекеттік қызметкер «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
IIІ тоқсанда ішкі бақылау жұмыстары аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне өткізілді.
Нәтижесінде 42 кемшіліктер анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды. 1 мемлекеттік қызметкер «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
IV тоқсанда ішкі бақылау жұмыстары аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өткізілді.
Нәтижесінде 20 кемшіліктер анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Сонымен қатар, жылдық қорытынды бойынша 4 ішкі байқау іс-шарасы жүргізілді (Сарыкемер ауылдық округі әкімі аппараты, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Мырзатай ауылдық округі әкімі аппараты және аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесі).
Сарыкемер ауылдық округіндегі жүргізілген ішкі байқау қорытындысы бойынша 51 кемшіліктер анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды. 1 мемлекеттік қызметкер «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне жүргізілген ішкі байқау қорытындысы бойынша 21 кемшіліктер анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды. Жауапты 1 қызметкер «ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мырзатай ауылдық округіндегі жүргізілген ішкі байқау қорытындысы бойынша 2 кемшіліктер анықталды және 4 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесіне жүргізілген ішкі байқау қорытындысы бойынша 19 кемшіліктер анықталды және 3 ұсыныс әзірленіп, толығымен орындалды.
Аудан тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді насихаттау жұмыстары туралы
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша
164 түсіндірме іс-шаралар жүргізіліп (насихаттау, семинар-кеңестер, БАҚ-та жариялау, бейнероликтер) 60387 халық қамтылды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ақпараттық материалдар аудан әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (facebook, instagram) парақшаларына әртүрлі тақырыптарда 79 мақала жарияланды.
А.ж. аудан бойынша 5 мемлекеттік қызметкер мемлекеттік қызметтер саласында біліктілікті арттыру курстарынан өткен.
Сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу бойынша 2025 жылға арналған кешенді іс-шара жоспарына сәйкес, тиісті аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері және жауапты мамандарының қатысуымен 4 оқыту-семинары, консультативтік көмек мақсатында жауапты мамандармен 10 тағылымдама, 12 түсіндірме іс-шаралары өткізілді.
«Сервистік әкімдік» бойынша
Аудан тұрғындарының өтініштерін қабылдау және толғандырған сұрақтарын бір жерден қанағаттандыру мақсатында аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «AMANAT» партиясының аудандық филиалы ғимаратының 1-ші қабатында «Сервистік әкімдік» орталығы жұмыс атқарады. Аталған орталықта аудан әкімдігіне қарасты 4 бөлім қызмет көрсетуде олар: жер қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ауыл шаруашылығы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің мамандары орналасып, халыққа қызмет көрсетеді.
«Сервистік әкімдік» арқылы ауыл тұрғындары консультативті көмек және электронды қызметтердің көптеген түрлерін алады. Азаматтардың барлық өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын және халыққа мемлекеттік қызметтерді бір ғимарат ішінде алуға мүмкіндік беретін жаңа сервистік әкімдік ашықтық пен қолжетімдік талаптарына сәйкес әрі жергілікті атқарушы органдар қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен көріністерін азайтуға ықпал етеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша сервистік әкімдікте барлығы – 2120 қызмет көрсетілді. Оның ішінде: электронды түрде – 2020 қызмет көрсетілсе, кеңес түрінде – 100 адамға көмек берілді. Сонымен қатар, орталықта орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштан 40-қа жуық қызмет түрін алуға және ауданның кез-келген тұрғыны электрондық цифрлы қолтаңбасы арқылы өзіне қажетті қызметті алуға мүмкіншілік қарастырылған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары
Байзақ аудан әкімі аппараты, халықтың электрондық мемлекеттік қызметтерді аудандық ХҚКО бармай-ақ өз бетінше алу үшін 17 ауыл және ауылдық округ әкімдіктерінің ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ашылып, ауылдық округ әкімі аппаратынын бір маманына жүктеліп, интернет желісі қосылған жұмыс компьютерінде egov.kz порталынан қызмет алуға келген ауыл тұрғындарына ЭЦҚ арқылы қызметтер көрсетілуде.
Сонымен қатар, «17 ауылдық округте өзіне-өзі қызмет көрсету «Цифрландырылған ақпараттық орталықтар» ашылып, олардың саны 22-ге жетті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 6870 қызмет көрсетілді. Аталған орталықтарда жергілікті тұрғындар халыққа көрсетілетін қызметтің 26 түрімен кедергісіз қамтылуда.
Жәрмеңке жұмыстары бойынша
Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп бүгінгі күнге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша Байзақ ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсетілетін бөлімдерінің қатыстырылуымен, аудан тұрғындарына 2 рет жәрмеңке өткізілді.
Қоғамдық кеңес отырыстары
Осы мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары бойынша
4 қоғамдық кеңес отырыстары өткізілді.