І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың IV тоқсанында аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бақылау іс-шарасы (1 жергілікті атқарушы орган) жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің төмендігінен жіберілген 20 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу бойынша 20 факті анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша тәртіптік жаза қолданылған жоқ (Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары М.Жексенбі тиісті мамандармен түсіндіру іс-шарасын жүргізіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар қабылдады).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 4 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байзақ ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс бөлімшесінде мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 19 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0 (анықталған бұзушылықтарға жол берген мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласына жауапты аудандық Полиция бөлімінің және аудандық денсаулық сақтау саласының жауапты мамандарына түсіндіру шаралары жүргізілді).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 3 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 37 түсіндірме іс-шаралары өткізіліп, 7 487 халық қамтылды.
2025 жылдың IV тоқсанында ЖАО-ның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан
2 мемлекеттік қызметкерлер өтті.