І. Жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген) 37-тармағына сәйкес Жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау іс-шараларының жоспары бойынша 2025 жылдың III тоқсанында 1 бақылау іс-шаралары (1 жергілікті атқарушы орган) жүргізілді (31 нысан).
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің төмендігінен жіберілген 42 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
-Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген құжаттардың толық топтамасы болмаған, сондай-ақ онда көрсетілген құжаттар немесе мәліметтер тізбесі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша 16 фактісі;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзған 20 факті;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу бойынша 6 факті анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 1 (Байзақ ауданы әкімдігінің сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімінің маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік шара қолданылды).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 4 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
ІІ. Жүргізілген ішкі байқау жұмыстары туралы
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларының» 56-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Байзақ ауданы Мырзатай ауылдық округі әкім аппаратында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының сақталуына ішкі байқау жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, қызмет берушілердің кінәсінен (субъективті себептерінен), яғни жауапкершіліктерінің және біліктіліктерінің төмендігінен, сонымен қатар уақытылы әрекет етпеулерінің салдарынан жіберілген 2 заңбұзушылық анықталды.
Атап айтқанда:
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 0 (Мырзатай ауылдық округі әкімі аппаратының маманына ауызша ескертілді. ).
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды, олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ішкі рәсімдерін жақсарту бойынша 4 ұсыным әзірленіп, толығымен орындалды.
Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген қызмет алушылардың саны – 0.
2025 жылдың IІI тоқсанында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге шағымдану фактісі орын алған жоқ.
2025 жылдың IІI тоқсанында мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.
Есепті мерзімде ЖАО тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша 52 түсіндірме іс-шаралары өткізіліп, 16 823 халық қамтылды.
2025 жылдың III тоқсанында ЖАО-ның мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына қатысты біліктілігін арттыру курстарынан
мемлекеттік қызметкерлер өтпеген.