Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2025 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

I-тоқсан

Р/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Бурыл ауылы, Байзақ датқа көшесіндегі газдың қысымын көтеру

2025 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Д.Мадешев), Бурыл ауылдық округінің әкімі (Е.Аширбеков)

«ҚазТрансГазАймак» АҚ Байзақ газ тарапынан техникалық зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерделеу нәтижесіне сәйкес, қажетті техникалық шаралар қабылданып, қысымды тұрақтандыру мақсатында жүйеге жөндеу және реттеу жұмыстары жүргізілді

2

Бурыл ауылдық округіндегі қаңғыбас иттерді аулау мәселесі туралы

2025 жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Б.Сағынбеков), «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК-сі (Е.Оразов), Бурыл ауылдық округінің әкімі (Е.Аширбеков)

Бурыл ауылдық округі аумағында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және санитариялық эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Бүгінгі күнге 118 ит ауланды.

 

3

Жалғызтөбе ауылдық округі, Жетібай ауылдық амбулаториясының алдына автотұрақ жасау жолдарын қарастыру

2025жыл

ІІ тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі (Н.Унетаев)

Бүгінгі күнге автотұрақ аумағына шағал төселіп, арнайы техникамен тегістеу жұмыстары жүргізілді.                                             

                                               

4

Сазтерек ауылдық округі, жеке кәсіпкерлерге берілетін 2,5 пайыз несие беру жолдарын қарастыру

2025жыл

ІI тоқсан

Аудан әкімінің орынбасары (Б.Сағынбеков), аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы (Қ.Телеуов), Сазтерек ауылдық округінің әкімі (Ж.Шайхиев)

«Ауыл аманаты» жобасының 5-ші бағыты бойынша 2025 жылы Сазтерек ауылдық округінен «Тараз Әлеуметтік-кәсіпкерлік Коорпорациясы» АҚ-на жалпы құны 17,8 млн. теңгені құрайтын 3 жоба ұсынылып, қаржыландырылды.

 

Дата публикации
20 января 2026