II тоқсан
|
|
|
|||||
|
|
/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
|
|
1 |
Кеңес ауылында электр жарығы өшкен жағдайда су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарының жұмысын үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында, қосымша генератордың автоматты түрде қосылу мүмкіндіктері қарастыру |
2025 жыл ІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Көптерек ауылының әкімі (С.Күсемісов) |
Кеңес елді мекенінде электр жарығы өшкен жағдайда су құбыры желілері мен су қабылдау имараттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Байзақ ауданы әкімдігінің ТҮКШ ЖК және АЖ бөліміне істен шыққан генераторды жөндеу үшін 1,5 млн теңге қаражат сұранысы берілді. 2026 жылы қаражат бөлінген жағдайда генераторды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
|
|
|
|
2 |
Кеңес ауылына ағын судың жетіспеушілігіне байланысты, «Өтеміс» каналын бетондау жұмыстарын аяқтау жолдарын қарастыру туралы |
2025жыл ІV тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары (Б.Сағынбеков), «Қаз Сушар РМК» басшысы (Қ.Жүзбаев), Көптерек ауылының әкімі (С.Күсемісов) |
Еуропалық Қайта құру және даму банкінің қаржыландыруымен «Өтеміс» каналының жалпы 28,82 км ұзындығындағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның 15,7 км-інде жұмыс аяқталған. Мердігер – «КазАтакентҚұрылыс» ЖШС. Жөндеу жұмыстары жалғасуда және жобаны 2026 жылғы 30 сәуірде аяқтау жоспарланған. |
|
|
|
3 |
Көптерек ауылына баратын аудандық маңызы бар ауылға кіре беріс 6 шақырымдық жолды асфальттау (орта жөндеу) жолдарын қарастыру |
2026 жыл ІІІ тоқсан |
Аудан әкімінің орынбасары (Қ.Бүркітәлиев), аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы (Д.Мадешев), Көптерек ауылының әкімі (С.Күсемісов) |
Кеңес ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге ЖСҚ әзірлеу үшін 2025 жылғы 17 наурызда аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Қаражат бөлінген жағдайда ЖСҚ әзірлеу жұмыстары жүргізіледі.
|
|