Байзақ ауданының әкімі О.Баққараевтың аудан тұрғындарымен 2025 жылғы кездесулерінде берілген тапсырмаларының орындалуы туралы АҚПАРАТ

IV-тоқсан

/с №

Іс-шараның атауы

Іске асыру мерзімі

Жауапты орындаушылар

Орындалуы

1

Ауыл ішіндегі көшелер бойындағы құдықтардың сынық және ескірген жабындыларын ауыстыру жолдарын қарастыру

2025 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), «Байзақ су» КМК-нің басшысы

(Қ.Болысбаев), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов)

Ауылдағы көшелер бойындағы ескірген және зақымданған құдық қақпақтары ауыстырылып, барлығы 20 қақпақ жаңартылды.

 

2

Кеңес-Сарыкемер бағыты бойынша қатынайтын қоғамдық автобустар мәселесін шешу жолдарын қарастыру

2026 жыл

І тоқсан

Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов)

«Кеңес - Сарыкемер - Тараз» бағыты бойынша қоғамдық көлікті ұйымдастыру қажеттігіне байланысты Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс хат жолданды.

3

Кеңес ауылына кіре беріс жолдың 6 шақырымдық учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру.

2026 жыл

ІV тоқсан

Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (Д.Жақыпбеков), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов)

Кеңес ауылына кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

4

Мәдімар ауылы, М.Райымбекұлы көшесіндегі ескірген жарық шамдарын жаңарту

2026 жыл

І тоқсан

Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Д.Жақыпбеков), Ынтымақ ауылдық округінің әкімі (Б.Жұматаев)

Мәдімар ауылының М.Райымбекұлы көшесіндегі ескірген жарық шамдарын жаңарту мақсатында 2026 жылға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда жарықтандыруды жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Дата публикации
20 января 2026