|
/с № |
Іс-шараның атауы |
Іске асыру мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалуы |
|
1 |
Ауыл ішіндегі көшелер бойындағы құдықтардың сынық және ескірген жабындыларын ауыстыру жолдарын қарастыру |
2025 жыл ІV тоқсан |
Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), «Байзақ су» КМК-нің басшысы (Қ.Болысбаев), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов) |
Ауылдағы көшелер бойындағы ескірген және зақымданған құдық қақпақтары ауыстырылып, барлығы 20 қақпақ жаңартылды.
|
|
2 |
Кеңес-Сарыкемер бағыты бойынша қатынайтын қоғамдық автобустар мәселесін шешу жолдарын қарастыру |
2026 жыл І тоқсан |
Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов) |
«Кеңес - Сарыкемер - Тараз» бағыты бойынша қоғамдық көлікті ұйымдастыру қажеттігіне байланысты Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын-жай коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне сұраныс хат жолданды. |
|
3 |
Кеңес ауылына кіре беріс жолдың 6 шақырымдық учаскесінде ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жолдарын қарастыру. |
2026 жыл ІV тоқсан |
Аудан әкімдігінің ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі (Д.Мадешев), экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы (Д.Жақыпбеков), Көптерек ауылының әкімі (С.Кусемисов) |
Кеңес ауылына кіреберіс жолдың орташа жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім жолданды. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда аталған жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. |
|
4 |
Мәдімар ауылы, М.Райымбекұлы көшесіндегі ескірген жарық шамдарын жаңарту |
2026 жыл І тоқсан |
Аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (Д.Жақыпбеков), Ынтымақ ауылдық округінің әкімі (Б.Жұматаев) |
Мәдімар ауылының М.Райымбекұлы көшесіндегі ескірген жарық шамдарын жаңарту мақсатында 2026 жылға аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне бюджеттік өтінім берілді. Қажетті қаражат бөлінген жағдайда жарықтандыруды жаңарту жұмыстары жүргізілетін болады. |