Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 25,11 трлн теңгеден асты

2025 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі  25,11 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,22 трлн теңгеге немесе 20,2%-ға артты.

2025 жылдың 1 қыркүйегінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 23,84 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 18,6%. 

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 710,63 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 13,3%.

Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім - 36,0% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша көлемі 9,21 млрд теңге.

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қыркүйегіне 552,11 млрд теңге болды.

Түсімдер

Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бір жыл ішінде салымшылардың жеке және шартты зейнетақы шоттарына 2 104,98 млрд теңге түсті, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 18,2%-ға (немесе 324,17 млрд теңгеге) артық.

МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қыркүйегіне дейін 1 725,25 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 10,3%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 89,92 млрд теңге (өсім – 19,9%), ЕЗЖ – 1,65 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 8 айында ЖМЗЖ 288,15 млрд теңгені құрады.

Дата публикации
17 октября 2025