2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша бағдарлама басталған сәттен бері (2024 жылғы 1 ақпан) уәкілетті оператор 22,29 млн АҚШ долларынан астам сомаға 156 956 өтініш орындады. Қаражат уәкілетті операторларға өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін аударылды. Оның ішінде тұрғын үй мәселелерін шешу үшін 14,14 млн доллар сомасына 98 046 өтініш, білім алу ақысын төлеуге шамамен 8,15 млн доллар сомасына 58 910 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды (НЖ) алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Пайдаланылмаған қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) сақталады.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға 13,85 млн АҚШ долларына 95 786 өтініш, тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізуге 101,44 мың АҚШ долларына 755 өтініш және азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алуға (түпкілікті есеп айырысу) 69,88 мың АҚШ долларына 553 өтініш орындалды.